Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4334 0 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:09

"Әдепсіз" домен атауларына тыйым салынды

Тәжікстан билігі домен атауларын тіркеуге бақылауды күшейтті. sex.tj секілді "әдепсіз" деп танылған домендерге тыйым салынды.

Тәжікстан президенті аппараты жанындағы ақпараттық-техникалық орталығы tj доменін тіркеу ережесін жариялады.

Онда домен атауы қоғам мүдделеріне, этикаға, гуманизм ережелеріне сай болмаса, тіркеуге рұқсат берілмейді.

Бұған қоса орталық аsht.tj, isfara.tj, mastchoh.tj, ishkashim.tj секілді географиялық домендерді тіркеуге рұқсат бермеді, өйткені олар жергілікті билік органдарының резервінде тұр. Мұнда gov.tj. және mil.tj домендері де бар.

tj тәжік домені IANA халықаралық ұйымына 1997 жылы тіркелген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669