Сенбі, 23 Қараша 2024
3433 0 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:10

«Бішкек - Ташкент - Бішкек» әуе рейсі іске қосылды

Қырғызстанның «Эйр Манас» әуе компаниясы 23 желтоқсаннан бастап тұрақты Бішкек - Ташкент - Бішкек бағытымен ұшатын рейсті іске қосты. Әзірге бұл рейс аптасына екі рет: сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды.

Бұған дейін екі ел астанасына Өзбекстанның Uzbekistan Airways компаниясының ұшақтары қатынап келген.

Қырғызстан транспорт министрлігінің хабарлауынша, 2018 жылдан бастап Ош - Ташкент - Ош бағытында да әуе қатынасы қайтадан жолға қойылмақшы.

13 желтоқсан күні Ташкентте Қырғызстан және Өзбекстан президенттері кездесіп, көлік қатынасы бойынша да келісімдерге қол жеткізілген. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуден соң екі еле арасында автобус қатынасы ашылатынын, ал Бішкек - Ташкент арасындағы әуе қатынасын ұлғайтылатындығын айтқан.

Бішкек - Ташкент арасына ұшақ бір сағаттай ұшады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375