Сенбі, 23 Қараша 2024
3592 1 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:11

Мирзияевтің қызы үкіметте жаңа қызметке тағайындалды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кенже қызы Шахноза Умарова биыл президент жарлығымен құрылған мектепке дейінгі білім министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды.

Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі президент отбасына жақын ақпарат көзіне және жоғары шенді өзбек шенеуніктерінің бірінің айтқанына сілтеме жасап хабарлады.

Аталған министрлік қызметкерлерінің бірі Азаттыққа бұл мәліметті растаған. Шахноза Умарова енді мектепке дейінгі білім жүйесін реформалауға жауап беретін болады.

Президент Шавкат Мирзияев өткізген селекторлық жиындардың бірінде Шахноза Умарова мектепке дейінгі білім министрі Агриппина Шиннің жанында отырған. Шахноза Умарованың жасы 31-де.

Өзбекстанда мектепке дейінгі білім министрлігі биылғы 30 қыркүйекте президент Мирзияевтің «Мектепке дейінгі білім жүйесін түпкілікті жетілдіру шаралары» туралы жарлығы бойынша құрылған.

18 желтоқсанда өткен селекторлық жиында президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан бала бақшаларында «баланың әлеуметтік, тұлғалық, эмоциональдық, сөйлеу, математикалық, психологиялық және шығармашылық дамуына қатысты оқу бағдарламалары енгізілмегендігін» , бала бақшалардың оқу орнына айнала алмай, «ата-аналары жұмыста болған кезінде тек қана балаға қарайтын мекеме болып» қалғанын айтқан.

Мектепке дейінгі білім министрінің орынбасары Қаһрамон Арипов «Өзбекистон» телеарнасына берген сұхбатында елде Оңтүстік Корея тәжірибесі бойынша бала бақшалардың құрылатынын жариялаған. Оның айтуынша, бала бақшалар шағын және 50, 100, 150 адамға есептелініп құрылады.

Шахноза Умарова әкесі президент болып сайланғанға дейін бірнеше жыл Оңтүстік Кореяда тұрған. Шахнозаның жұбайы Отабек Умаров кейбір өзбек БАҚ-ының жазуынша, «қайын атасының жеке күзетшісі». Eltuz.com сайтының жазуынша, Отабек Умаров биыл жыл басында Президенттің күзе қызметі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381