Сенбі, 23 Қараша 2024
3157 0 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:13

Түркіменстанда үй жануарларын қорғаушыны қамаудан босатты

Түркіменстанда жануарлар құқығын қорғаушы және белсенді Галина Кучеренко 15 тәуліктік қамаудан кейін 22 желтоқсан күні кешке бостандыққа шықты.

Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметіне белсендініңі жақындары хабарлаған. 7 желтоқсанда Галина Кучеренконы және оның қызы Валерияны бөлек-бөлек ұстап әкетіп, үйінде "антисанитарлық әрекеті үшін" әкімшілік қамауға алған. Белсендінің көршілері Кучеренконың үстінен оның үйінде "шектен тыс ит пен мысық ұстады" деп шағымданған. Соңынан Валерия айыппұл салынған соң босатылған.

Түркіменстанда қамалған азаматтық белсенді Галина Кучеренконы 12 желтоқсанда қызы Валерия мен кездестіруге және жылы киім алуға рұқсат берген. Ол қамауда болған кезде Кучеренконы қорғау мен қолдауға арналған халықаралық науқан жүргізілді. Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары түркімен билігінен белсендіні босатуды талап етті. Түркіменстандағы дипломатиялық өкілдіктер, соның ішінде Ресей елшілігі де бар, Түркіменстаннан осы мәселеге қатысты түсінік беруін сұраған.

Галина Кучеренко әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдары қызметкерлерін "үй жануарларын жаппай өлтіріп жатыр" деп сынап келген. Бұған дейін оған түрлі қоқан лоққы көрсетілгені айтылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377