Сенбі, 23 Қараша 2024
3630 4 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:16

Навальный Ресей президенттігіне үміткер болу үшін құжаттарын өткізді

Алексей Навальный өз штабындағы жақтастарымен бірге жексенбі күні кешке Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын алып келді. ОСК ғимараты алдында Навальный "бізді сайлауға тіркемеуге болмайды, бізсіз сайлау - сайлау емес" деп мәлімдеді.

ОСК үміткерлердің көптігіне айланысты жұмыс сағатын жексенбіге созған.

Бұған дейін 24 желтоқсанда Навальныйды Ресейдің көптеген қалаларынан, соның ішінде Мәскеу мен Петербургтен бірнеше бастамашыл топ президенттікке үміткер ретінде ұсынды.

Бұның алдында, жексенбі күні Алексей Навальный, журналистер сұрақтарына жауап беру кезінде, өзін тіркемеген жағдайда, сайлауға бокот жариялау бағытында жұмыс істейтіндігін мәлімдеген.

Оппозиционер Алексей Навальный Мәскеуде 24 желтоқсанда өз жақтаушыларымен бірге өткізген жиында жеңіске жетіп, билікті ауыстырғысы, жаңа үкімет жасақтағысы келетінін мәлімдеді.

Навальный 2018 жылы Владимир Путин жеңіске жетсе, сайлаушылар тағы алты жылды босқа жоғалтады деп ескертті. "Сен, Владимир Путин, елді өзіңді және отбасыңды, достарыңды байытудың көзіне айналдырдың. Сол себепті саған енді президент болудың қажеті жоқ", – деп мәлімдеді Навальный.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381