Сенбі, 23 Қараша 2024
Cатира 6632 1 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 09:52

«Құдекең де біледі, кімге не жетіспесе, соны береді...» - депті

ертеректе Қалтай Мұхаметжанов марқұм.

Ол оқиға былай болса керек. Елде қазіргідей мереке қарсаңы болса керек. Билік шүлен тарқатқандай, орден-медальдерді оңды-солды кім көрінгенге үлестіріп жатыр дейді.

Бір ортанқол жазушыға қаптаған «шүленнің» ішінен «Парасат» ордені тисе керек. Әлгі байғұс қуанышы қойнына сыймай, Қалтай Мұхаметжанға ұшып жетіп, қуанышын жасырмай:

- Қалеке, менің құттықтаңыз? - дейді. Ештеңе түсінбеген Қалекең:

- Не үшін? - десе, ана «данышпан»:

- Ана үлкен кісі маған өз қолымен «Парасат» орденін берді! - депті . Біраз үнсіз отырып қалған Қалекең:

- Иә құтты болсын, қалқам! Құдекең де біледі, кімге не жетіспесе, соны береді, - деп теріс айналып жүріп кетіпті.

Ана «Парасат» орденін алған жазушысымақ: «бұнысы не екен бұл кісінің? Байқаймын, Қалекеңнің де іші тар екен-ау...» - деп ішінен ойға қалып, Қалекең жаққа емес, мына жаққа кетіпті.

Дәл осындай жағдай, кешеден бері біздің мемлекетте де болып жатыр. Талай адам орден-медальге қарық болып жатыр. Тек әйтеуір, осының арты қайырлы болсын деп тілейік, жамағат?

Жұмаш Кенебай

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377