Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2405 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 06:08

Қымбат Қалауова. Жұмағұловтың жаңалығы

Күні кеше Астанада өткен Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сараптамасының нәтижелерін қарастыру жөніндегі республикалық кеңесте білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов оқулық жазуға шетелден ғалымдар шақыртуға байланысты көзқарасын жеткізді. Министр:

- Оқулықтар жазуға неліктен қырғыздың, өзбектің ғалымдары шақырылады? Әлде өзіміздің ғалымдарымыз жетпей ме? Әрине, шетел ғалымдары біздің оқулықтары қаламақы үшін жазады. Өйткені, бізде берілетін қаламақы өз елінде  олардың  түсінде де кірмейді. Онымен қоймай жасы келген шетелдік ғалымдар шақырылады. Осы жерден неге деген сауал туындайды,- деп барып тоқтаған Бақытжан Жұмағұлов елімізде сапалы мектеп оқулықтарын жазып келген және жаза алатын ғалымдардың бар екенін астын сызып айтыпты.

Ендеше, оқулық жазуға шетелден ғалым шақырту мәселесі Жұмағұловтың тұсында  әңгіме болмайды деген сөз. Бұған дейін «Abai.kz» ақпараттық порталы дәл осы оқулық мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын. Оның ішінде «ТМД  елдеріне ортақ тарихи оқулық қажет» деп бастама көтергендердің де шетін мәселесі айтылған еді.  Алайда, министр Жұмағұлов ортақ тарих оқулығы туралы әзірге тіс жарған жоқ.

http://old.abai.kz/content/sssr-pedagogtary-araga-kop-zhyl-salyp-astanada-zh-zdesti

http://old.abai.kz/node/5379

http://old.abai.kz/content/seiitkali-d-isenovzhanyltpash-okulyk-zhalykkan-okushy

http://old.abai.kz/node/4187

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379