Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
6001 0 пікір 3 Қаңтар, 2018 сағат 10:25

Бішкекте айыр қалпақты қорғау акциясы өтті

Белсенділер "Бішкек-парк" сауда орталығында ұлттық бас киімді қорғау мақсатында бейбіт акция өткізді.

Ұйымдастырушылар осы пикет арқылы қоғамға айыр қалпақтың ұлттық бас киім және мәдениет мұрасы екенін жеткізгісі келеді. Бұған қоса, олар айыр қалпақты итке кигізгендерді жазалауын талап етпек.

Пикетке қатысушылардың пікірінше, сауда орталығының басшылығы халықтан кешірім сұрауы тиіс. Бұған қоса, белсенділер "Бішкек-парк" басшылығы мемлекеттік қарттар үйі мен балалар үйіне 10 млн сом аударуы тиіс.

Орталық басшылығы пикеттегілерге шықпаған.

Еске салайық, өткен аптада Интернетте айыр қалпақ киген иттің суреті тарады. Ол сауда орталығында өткен Dog’s Fashion Show-2018 шарасында түсірілген болып шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1024
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2566
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 714
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678