АҚШ пен Ресей. Шын мықтыны мойындау керек
Мына жақта біреу АҚШ-ты даттап, Ресейді жер көкке сидырмай мақтап отыр. "Ресей нөмір 1 держава" дейді. Жарты сағат жатып күлдім. Сол данышпан мына сұрақтарға қалай жауап қатады екен...
Әлем неге Ресейдің мыжырайған рублін емес, АҚШ-тың долларын қолданады? Неге Ресей халқы жаппай АҚШ-қа көшуге асығады, ал американдықтардың кейбірі тіпті Ресейді картадан да көрсете алмайды (себебі түкіргені бар)? Неге орыс шенеуніктері жаппай Айфон ұстайды, ал АҚШ халқы Ресейдің не шығаратынын тіпті білмейді де? Неге АҚШ Ресейге жерін сатпады немесе керісінше Ресей АҚШ-қа Алясканы сатып жіберді? Неге АҚШ-та Ресей азаматтарының есепшоттары бұғатталады, ал Ресейде американдықтардың бір тиыны да жоқ? Неге Вашингтон салған санкция Мәскеуді есеңгіретіп тастады, ал Ресейдің жауабы Ақ үйге маса шаққандай да әсер етпеді? Неге? Және сансыз негелер...
Шындығына келгенде маған Ресейдің шаңырағы ортасына түсіп, Қытайдың қырылып, АҚШ-тың аяғы аспаннан келсе де бәрібір. Бәрі жау. Бірақ шындыққа тура қарап, шын мықтыны мойындау керек. Соқыр сеніммен атойлаудың не қажеті бар?!
Асхат Қасенғали
Facebook-тегі парақшасынан