Жұма, 29 Наурыз 2024
5434 2 пікір 8 Қаңтар, 2018 сағат 08:33

Сирияның үкімет армиясы Синжар қаласын бақылауына алды

Сирия президенті Башар Асадтың армиясы елдің солтүстік-батысындағы стратегиялық маңызды қала Синжарды бақылауына алды. Бұл жөнінде жексенбі күні Адам құқықтарының бұзылғаны жөнінде мониторинг жасайтын Сирия орталығы мен үкіметтің қорғаныс күші хабарлады.

Синжарды басып алу арқылы Асад армиясы әскери әуежайға қол жеткізді. Соңғы кездері Асад әскері Сирия аумағын бақылауды кеңейтті.

Идлиб – Асад режиміне қарсы күштердің бақылайтын соңғы провинциясы. Олардың ішінде "Ал-Каида" идеологиясына жақын "Хайят Тахрир аш-Шам" тобы бар.

6-7 қаңтарда шығыс Гута аймағында бомба атқылаудан 18 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Кемінде 60 адам жарақат алған. Шығыс Гута, Идлиб қаласы секілді көтерілісшілердің бақылауында. Бұл деэскалация аймағына кіреді. Құқық қорғаушылар әуе соққыларын Сирия және Ресейдің қарулы күштері жасады деп айыптайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3555