Сенбі, 23 Қараша 2024
Дежа вю 4721 12 пікір 9 Қаңтар, 2018 сағат 17:21

Санасына сайтан сарыған Сальерилер ортамызда әлі де бар...

Бұл театрдың тарихын айтып жатудың қажеті жоқ. Кәсіби театрдың негізін қалаған сахна саңлақтары еңбек еткен, соңғы екі жылда әлемнің алпауыт елдерінде өнер көрсетіп жүрген қасиетті қара шаңырақ. Бұл кезең –театр ұжымының бірлесе отырып, талай асуларды бағындыруға дайын кезі деп ойлаймын. Біз, ескі көздер, артымыздан ерген іні-қарындастардың, жастардың қандай екенін бағалауға шамамыз келеді. Мен талай жерде театрымыздың бүгінгі күні жақсы бағытта, білікті басшылықпен ынтымақ-бірлікте қазақ өнеріне қызмет етіп жүргенін мақтанышпен айтып жүрдім. Осы жасқа келгенде, шындықты мен  айтпасам кім айтады?! Мендегі қалғаны тек қана тазалық. Жалтаратын жаста емеспін. Кешегі болған жағдай, баршамыздың жанымызға қатты батты...

Ерланның қандай адал азамат екенін мен емес, халық айтады. Осы ұжымның 99 пайызы осы жағдайды естігелі жүгіріп жүр. Әсіресе, жастар Ерланды қорғап-қолдап, жанынан табылып, жақсы сөздерін аяп жатқан жоқ.

Өркениетті елдерде пара берушіні де заң алдында жауапқа тартады! Сондықтан, пара берушіні де соттау керек. ...Санасына сайтан сарыған Сальерилер ортамызда әлі де бар...  Өнерді, өнер үшін туған өренді сату – Отанын сату!   Себебі, Отанын сатқан адам, бәрін де сатады. Сондықтан, мен осыны ұйымдастырған бәзбіреулерді де сотқа шақырамын!

Ерлан – көз алдымызда қазақ өнеріне қызмет етіп келді. Әлі де қыруар шаруаны атқарады. Себебі ол, шығармашылықтың, сахнаның адамы. Бірақ, бұл жағдай бүкіл өнер адамдарына күйе жаққанмен бірдей болды. Сырттан естіген жұрт, солай екен ғой деп ойлайды... Біз Елбасының «Рухани жаңғыру» аясындағы тапсырмаларын тастүйін орындап, өнер үшін өзегі өртеніп жүрген азаматымызды жауға бермейміз!

Мен, барша өнерге қызмет етіп жүрген жандардан осы мәселеге байыппен қарауларыңызды сұраймын. Жерден жеті қоян тапқандай, жарыса жазып, жарыса айтып, сүйіншілеудің қажеті қанша?!

Өмір болған соң, бұндай парадокстар орын алып қалады. Дей тұрғанмен, ақты ақ деп, қараны қара деу парызымыз. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» - дейді... Бірақ, жақсы азаматты  жағынан жаңылдырған, тегіс жерде аяғынан сүріндірген кім? Бұл мәселенің себеп пен салдарына салмақтылықпен, салқынқандылықпен  қараған жөн. Істің мәнісіне бармай жатып, айғай-аттандап, Өнерге, театр тарихына күйе жағып,  ел арасына іріткі салудың түкке қажеті жоқ!

Асанәлі Әшімов,

Қазақстан Театрлары Ассоциациясының Президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377