Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3477 0 пікір 12 Қаңтар, 2018 сағат 12:18

Тәжікстанда азық-түлік бағасының қымбаттау себебін тексерді

Тәжікстанның монополиямен күрес қызметі, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінішімен, елдегі азық-түлік бағасының қымбаттау себебін тексерді. Бұл туралы монополияға қарсы саясат жөніндегі мекеме 11 қаңтарда хабарлады.

Өткен жылдың көктемінде МҰҚК монополияға қарсы қызметтен азық-түлік бағасының қымбаттау себебін түсіндіруін сұрады. Арнайы қызметті елдегі азық бағасының орташа есеппен 20 пайызға қымбаттау себебі қызықтырған. Сол кезде республикада тұрмысқа ең қажетті азық бағасы шашамен екі есе көтерілген.

Комитет сауалына жауап ретінде Монополияға қарсы қызмет азық-түлік бағасын қолдан өсіру жағдайы анықталмады деп жауап берді.

Монополияға қарсы қызметтің хабарлауынша, азық бағасының қымбаттауына бірнеше фактор әсет еткен, атап айтқанда бағаның көтерілуіне тауар өндіру үшін сырттан әкелетін шикізаттың қымбаттауы да себеп болған. Басқа да себептері аталды. Мысалы, өткен жылы қыста Пәкістаннан келетін картоп импорты тоқтап қалған, соның салдарынан ол 57 пайызға қымбаттап кеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057