Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
3659 0 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 08:27

Жоғарғы сот журналист Әли Ферузды Ресейден шығару туралы шешімді жойды

Мәскеудегі Жоғарғы сот "Новая газета" журналисі Әли Ферузды Ресейден шығару туралы шешімнің күшін жойды. Осылайша сот Худоберди Нурматовтың (Феруздың шын есімі) талабын жартылай қанағаттандырды.

Журналист ісі Мәскеу қалалық сотына қайта қаруға жолданады. Жоғарғы соттың пікірінше, Феруз ісін қарау кезінде оның дәйектері "қажетті деңгейде ескерілмеген".

Мәскеу қалалық сотына Германия елшілігінің хатын ескеруге кеңес берді. 2017 жылы 4 тамызда жазылған бұл хатта Ферузға Германияға баруына рұқсат берілгені айтылған.

Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сот шешіміне сүйенген Жоғарғы сот Ферузды Шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына орналастыру туралы шешімді жойды. Сот мұндай шешім "оның еркіндігін себепсіз шектейді" деп есептейді.

Биыл наурызда Ферузды Мәскеу орталығында көші-қон заңдарын бұзды деген айыппен ұстады. "Новая газета" бас редакторы полиция қызметкерлері журналисті ұстау кезінде оны соққыға жықты деп мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2142
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3794