Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3352 4 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 09:19

АҚШ мектебінде атыстан екі оқушы қаза тауып, 17-сі жараланған

Америкада Кентукки штатындағы Бентон қаласының орта мектебінің бірінде 15 жастағы жасөспірім сыныптастарына оқ атқан.

Штат губернаторы Мэтт Бевин арнайы баспасөз мәслихаты кезінде атыстан екі оқушының қаза тапқанын мәлімдеді. 15 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапса, бір бозбала ауруханада көз жұмған. Барлығы 17 адам жараланған. Олардың 15-не оқ тиген.

Полиция оқ атқан жасөспірімді ұстаған. Ол жайында әзірге толық мәлімет жоқ. Бірақ құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оған қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

2013 жылдан бері АҚШ мектептерінде қару-жарақ қолданған 283 оқиға тіркелген.

Abai.kz

4 пікір