Жұма, 22 Қараша 2024
4052 1 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 09:20

ФСБ басшысы туралы мақаладан кейін Russiangate сайты бұғатталды

Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) басшысы Александр Бортниковтың ресми тіркелмеген жылжымайтын мүліктері туралы материал жарияланған үш сағаттан кейін, Russiangate сайты бұғатталған. Бұл жөнінде жоба бас редакторы Александрина Елагина Twitter'ге жазды.

МГТС және МТС секілді ресейлік ірі операторлардың тұтынушылары үшін сайт ашылмай тұр.

Ресейлік бақылау комитетінің ақпараты бойынша, жаппай тәртіпсіздікке шақырған элементтері үшін сайт заңға сәйкес бұғатталған. Сайт жұмысы бас прокуратураның талабы бойынша шектелген. Алайда Елагинаның айтуынша, басылым ешқандай ескерту алмаған. Ол мақала мазмұнын тәуелсіз сайттарға салғанын, атап айтқанда Telegra.ph сайтынан оқуға болатынын айтады.

Материалда Бортников пен оның орынбасары Сергей Смирнов Сестрорецк ауданындағы (Санкт-Петербургтағы ең қымбат аудан) жылжымайтын мүліктерін ресми тіркемеген. Бортников декларациясында 28 соттық жері мен құны 48 миллион рубльден асатын жекеменшік нысанын көрсетпеген. Russiangate сайтының мәліметі бойынша, 2011 жылдың тамыз айында бұл мүліктерді ФСБ басшысының аттасы иеленген. Кейін мүлік иесі туралы ақпарат жойылған. Аталған жер учаскелерінің нарықтық бағасы 300 миллион рубль тұрады деп атап көрсетеді басылым.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333