Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6356 4 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 10:01

Ешқашан бастығыңыздан бұрын сөйлемеңіз

Бір күні бастығы мен екі бағыныштысы шам тауып алыпты. Ысқылап-ысқылап жіберсе, ішінен жын шығып:

- Үш тілек орындаймын. Бірақ сендер үшеу екенсіңдер! Бір-бір тілектен айтыңдар - депті.

Содан бір бағыныштысы:

- Мен Багам аралдарында өз кемеммен демалғым келеді, - деп жып ете қалыпты. Екіншісі:

- Мен Кариб аралдарында сұлу да жас қыздармен демалғым келеді - деп іле-шала іліп әкетіпті. Екеуінің де тілегі заматта орындалыпты.

Кезек бастыққа келіпті. Сөйтсе, басекең:

- Таңертең сағат тоғызда ана екеуі жұмыста болатын болсын - деп дүңк етіпті дейді аңыз.

Түйін: Ешқашан бастығыңыздан бұрын сөйлемеңіз. Бастығыңызды үнемі тыңдап жүріңіз! Сонда бәрі-бәрі жақсы болады!

Ержан Тәліп

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5326