Қазақстанда бұзылып қалған автобустан 21 қырғыз құтқарылды
Екатеринбург-Алматы тас жолында Қырғызстаннан Мәскеуге бара жатқан автобус бұзылып қалды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен атқарушы орган қызметкерлері жолаушыларды Астраханка ауылындағы мектепке орналастырды.
«Жолаушылардың барлығы Қырғызстан азаматтары. Ешкім зардап шекпеген», - деп хабарлады облыстық ТЖД. Жолаушыларға көмек көрсетілген.
Ақмола облысында бірнеше күннен бері ауа температурасы -30…-32 градусты көрсетіп тұр.
Abai.kz