Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3118 0 пікір 6 Қаңтар, 2011 сағат 06:51

Қазақстан мұнайдың ЭКС-ын тоннасына $40-ға көтерді

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан мұнайдың экспорттық кедендік баж салығын (ЭКС) тоннасына $40-ға дейін көтерді. 2011-ші жылдың бюджетіне сай үкімет қабылдаған қаулыға ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2010-шы жылы 30-шы желтоқсанда қол қойды. Бейсенбі күні құжат ресми басылымдарда жарияланды.

Бұл шешім арқылы ҚР үкіметінің 2005-ші жылғы 15-ші қазандағы № 1036 «Сыртқа шығарылатын шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне салынатын кедендік баж салығы туралы» қаулысына өзгертулер енгізілді.

«Баж салығының мөлшерлемесі (1000 кг үшін доллармен есептегенде) бағанындағы «20» саны «40» санымен алмастырылсын», - делінген құжатта.

Осыған байланысты ҚР сыртқы істер министрлігіне екі аптаның ішінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық хатшылығын сыртқы сауда жұмысындағы ҚР үкіметінің қабылдап отырған шаралары туралы хабардар ету тапсырылды.

Қаулы 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.

Шикі мұнайға ЭБС Қазақстанда 2010 жылғы тамыздың ортасында енгізілді. Баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $20 құрайды. Экспорттық кедендік баж салығы ашық және қара түсті мұнай өнімдеріне тоннасына тиісінше $98,13 және  $65,42-ға дейін төмендетілді. Бұрындары ашық түсті мұнай өнімдеріне кедендік баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $99,71, қара түсті мұнай өнімдеріне тоннасы үшін $66,47 құраған.

Мұнайға ЭКС ҚР-да 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін республика үкіметімен міндетті салықтық сараптамадан өткен және салықтың аталған түрін төлеуден босатуды қарастыратын өнімді бөлісу туралы келісім бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ, оны роялти төлейтін жер қойнауын пайдаланушылардан басқа, келісімшарттарында ЭКС төлеуден босату қарастырылған жер қойнауын пайдаланушылар да төлемейді.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің түсіндіруінше ЭКС мөлшерлемесі  тоқсан сайын «әлем нарығындағы баға туралы ақпараттар негізінде» есептеліп отырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340