Ғаббас Қабышұлы. Бар болғыр сұрақ
-Менің ертең айтарымды сенің бүгін естуің мүмкін бе?
-Мүмкін.
-Қалайша?
-Ертеңге қалдырмай, кәне, айта бер.
ххх
-«Экономист» деген кім?
-Ол - саған ақшаны қашан, қалай, қайтіп жұмсау жөнінде ақылды айтып-айтып, ақырында сені де, өзін де ақшасыз қалдыратын маман.
ххх
-Бастық көп сөйлесе не болады?
-Басқалардың соры көбейеді.
ххх
-Ұрыны заң қорғай ма?
-Жоқ. Ұры қорғайды.
ххх
-Жемқор мен обырдың бір-бірінен айырмасы бар ма?
-Бар.
-Қандай?
-Жемқор өлерінде тояды, ал обыр өлсе де тоймайды.
ххх
-Қартайғысы келмейтін кісі қартайғанда қайтеді?
-Сайтанға айналады.
ххх
-Қазекем: «Тентектің бір аяғы - сегіз, бір аяғы - тоғыз» дейді, ал суайттың ше?
-Суайттың бір көзі ашық, бір көзі жабық.
ххх
-Тақ пен портфельдің пайдасы қандай?
-Тақ астыңды, портфель үстіңді қыздырады.
ххх
-Түрмедегі тұтқын мен парламенттегі депутатқа ортақ сезім бар ма?
-Бар.
-Мысалы?
-Тұтқын мерзімінің тезірек бітуін тілейді, депутат - бітпеуін тілейді.
ххх
-Мақтаншақтың тілі мен жағымпаздың тілін салыстыруға бола ма?
-Мақтаншақтың тілі - құрғақ шүберек, жағымпаздың тілі - дымқыл шүберек.
х х х

-Біраздан бері тілім қышып, пәле болып жүр, ертең емханаға бармасам болмас.
-Қышығаны қалай, сөйлей бергің келе ме?
-Жоға.
-Енді не?
-Ұшы ұйып, кәдімгідей қышиды. Тісіме үйкелесем, ептеп басылады.
-Ә, оған дәрігерлер ештеңе істей алмайды. Анау Алтыбай сөйтіп бір ай ауырды ғой. Әрең айықты.
-Қайтіп?
-Бастығының табанын жалап!
«Абай-ақпарат»