Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 7 Қаңтар, 2011 сағат 10:20

Бастамашыл топ президент өкілеттіктерін ұзарту бойынша референдум өткізу жөніндегі қол жинауды жалғастыра береді

Астана. 7 қаңтар. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Бастамашыл топ, жоспарланғандай, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдум өткізу жөніндегі қол жинауды жалғастыра береді, деп ҚазТАГ-қа топ жетекшісі, Семей мемлекеттік университет ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.

«Біз бұрынғы қарқынмен жұмысты жалғастырудамыз. 11-ші қаңтарға қол жинауды аяқтаймыз да, одан соң ол парақшаларды ОСК-ға тапсырамыз. Олар 2-3 күнде тексеруден өткізіп, одан соң президентке өтініш жасайды», - деді ол жұма күні телефон арқылы ҚазТАГ сауалына.

«Сол кезде президент тиісті жарлығын шығара отырып, өз дегенін айтады», - дейді ол. Бұл ретте Е. Сыдықов, мемлекет басшысы жақындағы жарлығымен «референдумның өзін емес, парламент депутаттары референдумда қаралуы тиіс деп ұсынған бір мәселені ғана қабылдамады», - деп түсіндірді.

«Президент осы ұсынысты қабыл алмау арқылы өзінің «Республикалық референдум туралы» заңдағы конституциялық құқығын пайдаланды», - деп, қосып қойды топ жетекшісі.

Сондай-ақ Е. Сыдықов, заңнамаға сәйкес, егер президент парламенттің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін референдумға шығару ұсынысын қабыл алмаса, «парламент басым дауыспен, әр палатаның депутаттарының барлығының бестен төртінің даусымен, Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдай алатынын» еске салып өтті. «Ол жағдайда президент ол заңға қол қояды да, оны республикалық референдумға шығарады», - деді ол.

Еске салсақ, жұма күні ресми басылымдарда ҚР президентінің 6-шы қаңтарда қол қойған,  парламенттің Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесін респуликалық рефрендумға шығару туралы ұсынысын  қабыл алмайтындығы жөніндегі жарлығы жарияланды.

ҚР парламентінің сенаты бейсенбі күнгі, 6-шы қаңтардағы алқа отырысында мәжіліс депутаттарының 29-шы желтоқсанда жасаған ұсынысына қолдау білдірді. Онда тұңғыш президент - ұлт лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту үшін Конституцияға өзгертілер мен толдықтырулар енгізу мәселесін республикалық референдумға шығару қарастырылған болатын.

Сондай-ақ сенат Конституцияға енгізілмекші өзгертулер мен толықтырулардың президентке ұсынылып отырған мәтінін мақұлдады.

Бұрын хабарланғандай, 27-ші желтоқсанда ОСК республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерген бастамашыл топты және ол ұсынған мәселе - президенттің өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесін тіркеген болатын.

6 қаңтардағы жағдай бойынша, бастамашыл топ ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдумды қолдап 3 млн 100 мың қол жинады. Мұндай қарқынмен топ 10 қаңтарға дейін 4 млн қол жинауды көздеп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341