Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2769 0 пікір 7 Қаңтар, 2011 сағат 10:21

Православиелік діни қызметкерлер президенттен оның өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту жөніндегі референдумға қолдау көрсетуін сұрады

Астана. 7 қаңтар. ҚазТАГ - Православиелік діни қызметкерлер президент Нұрсұлтан Назарбаевтан оның өкілеттіктерін 2020-шы жылдың соңына дейін ұзарту жөніндегі референдумға қолдау көрсетуін сұрады.

«Барша православтік діншілдердің атынан Құдайдың адамзатқа деген сүйіспеншілік мерекесімен құттықтаймын. Жаратушымыз бізге осы сүйіспеншілікті мирас етті. Және осы сүйіспеншілік пен мейірімді біз - діни қызметкерлер, сақтап келеміз, Сіз де сақтаңыз. Сіз еуразиялық кеңістікте ерекше мемлекет құрдыңыз. Ондай мемлекетті орыстың үздік деген ойшылдары - еуразияшылдары - армандап кеткен. Сіздің тұлғаңыздың ауқымы тебірентерлік. Біз сізден халықтың референдум өткізу туралы бастамасын қолдауыңызды сұраймыз. Біз сізден билік басында қазақстандық халық қанша қаласа - сонша отыра беруіңізді сұраймыз. Тәңірім сізді және ісіңізді жарылқасын», - деді епископ Генадий, қазақстандық епархия викариясы, мемлекет басшысына қаратып, ол жұма күні Астанадағы Әулие-Успен кафедралдық соборына келген кезде.

Н. Назарбаев бұл өтінішке ешқандай да жауап қайтармады.

Өздеріңіз білетіндей, 2010-шы жылы 23-ші желтоқсанда Өскеменде Қазақстан аймақтарының жиналысында, 7 адамнан тұратын топ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020-шы жылғы 6-шы желтоқсанға дейін ұзарту туралы бастама көтерді. 27 желтоқсанда ОСК, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтерген бастамашыл топты тіркеген болатын. Заңнамаға сәйкес, республиканың республикалық референдумға қатысу құқығына ие кем дегенде 200 мың азаматының қолын жиналуы тиіс. 6-шы қаңтарға, бастамашыл топ мәліметтерінше, жиналған қол саны 3,1 млн-ға жетті. Қол жинаудың осындай қарқыны сақталса, 10-шы қаңтарға 4 млн қол жиналады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343