Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2976 0 пікір 7 Қаңтар, 2011 сағат 10:27

Шымкентте электр қуатының тарифі көтерілді

Шымкент. 7 қаңтар. ҚазТАГ - Шымкентте  электр қуатының тарифі көтерілді. 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жеке тұлғаларға тариф кВт/сағатына Т11,33, заңды тұлғаларға Т12,97-ге дейін өсті. Ал бұл тариф 2010-шы жылы Т10,23 болған.

Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент директоры Нұрмахан Жолдасов мәлім етті.

«Коммунальдық қызмет тарифтерінің жыл сайын көтерілуіне негіз болатыны - үкімет қаулысы. Мұндай шешімді республика басшылығы былтырғы наурызда қабылдаған», - деді Н. Жолдасоы. Ол аталған қаулы алдағы 5 жыл бойына күшінде болатынын еске салды. Ол энергетиктерге ТМРА-ға тарифтерді көтеру туралы өтінішпен 2015-ші жылға дейін жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл шара, дейді үкіметтегілер, коммуналдық қызмет сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

ТМРА департаменті аталған өтінішті негізді деп таныды. Себебі көтерме нарықтағы электр қуатының бағасы өсті.

«2011-ші жылғы қаңтардан бастап электр қуатын өндірушілер өз өнімдерінің бағасын көтерді. Жамбыл МАЭС-і 2010-шы жылы электр қуатын кВт/сағатын Т6,5 бағамен сатты. Біздің жергілікті жеткізуші «3-ЖылуЭнергоОрталық» бағаны Т4,4-тен Т5,9-ға дейін көтерді», - дейді Н. Жолдасов.

Ондағы бар мәліметтер бойынша, қаңтардың соңына қарай жылуға да жаңа тариф енгізіледі. Ол 2011-шы жылдың екінші жартысына дейін өзгеріссіз қалады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340