Соңғы тұтынушылар үшін электр қуатының тарифтері 2011-шы жылы 12,5-14%-ға көтеріледі де күтілуде
Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. 2011-шы жылы электр қуатының тарифтері ақтық тұтынушылар үшін 12,5-14%-ға көтерілуі мүмкін, деп табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті.
«Биыл электр қуаты тарифтерінің орташа өсуі 12,5-14% аралығында болады деп күтілуде», - деді Н. Алдабергенов сәрсенбі күні журналистерге ТМРА коллегия отырысының кулуарында.
Н. Алдабергеновтың айтуынша, тарифтердің көтерілуінің негізгі себебі «стансаларда инвестициялық міндеттерге байланысты тарифтердің көтерілуінде».
Сондай-ақ оның айтуынша, осы секторға 2009-шы жылы тарифтерді көтерудің есебінен шамамент Т65 млрд, ал 2010-шы жылы Т85 млрд инвестиция салынды.
«2011-ші жылы аталған секторға инвестиция тек қана стансаларда 121 млрд шамасында болмақшы. Олар өндіретін стансаларды модернизациялауға кететін қаражат», - деді ол.