Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2591 0 пікір 12 Қаңтар, 2011 сағат 09:43

ҚР парламенті дау-дамайды сотқа дейін реттеуді қарастыратын заң қабылдады

Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ - Мәжіліс депутаттары сәрсенбі күні алқа отырысында «Медиация туралы» заңға сенаторлар енгізген түзетулермен келісті. Осылайша, регламент бойынша заң қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Сенаторлардың түзетулері негізінен нақтылау және редакциялық сипаттағы түзетулер болды. Қабылданған заң Қазақстанда медиация институтын - дау-дамайды бейтарап үшінші жақ - медиаторлардың араласуымен шешудің балама түрін енгізуді қарастырады. Ол тараптардың ымыраға келуге септігін тигізбекші.

Бұрын Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков хабарланғандай, «құжат медиация түсінігін ашады, оның негізгі ұстанымдарын бекітеді, қолдану саласын, медиация процедурасының кепілдігін, медиаторлардың құқықтық мәртебесін, медиаторларға деген талаптарды, медиация жүргізу тәртібін, медиаторлардың қызметін төлеу т.б. тұстарын айқындайды».

«Медиацияны қолдану - азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда туындайтын құқық туралы дау-дамайды реттегенде, оның ішінде кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты дау-дамайды, еңбек және отбасылық құқық бұзушылыққа қатысты, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен туындайтын басқа да жеке дау-дамайды, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық қарым-қатынас саласындағы кішігірім және  орташа ауыртпалықтағы қылмыстық істерге қатысты дауды реттегенде қолданылады», - делінген құжатта.

Одан басқа, мәжілісмендер сондай-ақ «Медиация мәселелері бойынша ҚР жекелеген заңнамалық актілеріне өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы» ілеспе заңына сенаторлардың ұсынысымен келісті.

Заңмен Азаматтық процессуальдық кодекске, Қылмыстық процессуальдық кодекске, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына бірқатар түзетулер енгізіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407