Тәжікстанда ұннан уланғандар саны өсіп жатыр
Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономды облысында ұннан уланғандар саны 39-ға жетті.
Өткен апта соңында 20-ға жуық адам олардың ішінде балалар да бар "гелиотропты гепатит" диагнозымен ауруханаға түсті деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Насригүл Некушоева.
Осының алдында ұннан 19 адамның уланғаны, 11 жастағы баланың қаза тапқаны хабарланған. Облыс басшысының баспасөз хатшысы Нилуфар Асламшоева ауруханаға түскендердің дені Питут және Шитхарв Ишкашим ауданы тұрғындары екенін айтады.
Насригүл Некушоеваның сөздерінше, ұнның құрамында гелиотроп арамшөбі болған, бидайды диірменге тартқан кезде, байқаусызда түсіп кетуі мүмкін.
«Облысқа 5,5 тонна бидай әкелінген. Жергілікті тұрғындар оның 2 тоннасын пайдаланып қойды. Жағдай өте қиын. Арнайы мамандар келіп, қазір қолдан келетін барлық шараны жасап жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Abai.kz