Жұма, 29 Наурыз 2024
2790 0 пікір 13 Ақпан, 2018 сағат 09:26

Өзбек зиялылары президенттен саяси эмигрант Мұхаммад Салихтың елге оралуын сұрайды

Өзбекстанның танымал ақын-жазушылары президент Шавкат Мирзияевтың атына ашық хат жазып, «Өзбекстанның халықтық қозғалысы» лидері әрі танымал ақын 69 жастағы Мұхаммад Салихтың елге оралуына кепілдік беруін сұрайды.

Ашық хат Facebook әлеуметтік желісінде кеңінен таралды.

Өзбекстан жазушылар одағының бұрынғы бірінші хатшысы, өзбек парламентінің экс-депутаты, елде «Бірлік» деп аталған саяси қозғалыстың және «Ерік» деп аталатын демократиялық партияның негізін қалаған Мұхаммад Салих 1992 жылдан бері шетелде тұрып келеді.

«Біз сіздің тағы бір тарихи шешіміңіз ақын Мұхаммад Салихқа қатысты болғанын қалаймыз. Ол 25 жылдан бері отанынан жырақта жүр. Бұрынғы режим жүргізген бұрыс насихаттың салдарынан қоғамда Мұхаммад Салихқа деген үрей қалыптасты. Бірақ шығармашыл зиялы қауым оның ұлы ақындығын ұмытқан жоқ. Мұхаммад Салих бірінші кезекте ақын. Сосын барып саясаткер. Ол елдің тәуелсіздігі үшін саясатпен араласуына тура келді», – делінген ашық хатта.

2017 жылдың наурыз айында Мұхаммад Салих бірінші рет президент Мирзияевтың атына ашық хат жазған. Бірақ осыдан кейін Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) «елдегі конституциялық жүйені күштеп бұзбақ болды» деген айыппен, оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Осы іске байланысты журналист Бобомурод Абдуллаев та тұтқындалған. Мұхаммад Салих бұл айыптауларды ҰҚҚ-ның бұрынғы басшысы Рустам Иноятовтың елге кіргізбес үшін, әдейі жасап отырғаны деп атаған.

1993 жылдың сәуірінде Салих «мемлекетке сатқындық жасады» деп ұсталған. Бірақ халықаралық ұйымдардың қысымымен ол бостандыққа шықты. Осыдан кейін ол Түркияға қашып кеткен. Содан бері Стамбұлда тұрып келеді. 1999 жылы Өзбекстанның Жоғарғы Соты Ташкентте жарылыс ұйымдастырды деген айыппен, ұзақ мерзімге сырттай түрме жазасына кескен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590