Жұма, 2 Қазан 2026
4153 0 пікір 13 Ақпан, 2018 сағат 09:27

Түркиядағы қырғыздар Сирияда соғысып жүр

Түркияның Ван елді-мекеніндегі жиырмаға жуық этникалық қырғыз түрік армиясы құрамында Сирияда соғысып жүр. Бұл жөнінде «Қырғыз түріктері» қоғамының мүшесі Бунямин Токер хабарлады.

Оның сөздерінше, этникалық қырғыздар Сирияның Африн қаласында түрік әскери қызметкерлерге көмектесіп жүр.

Өткен айда Анкара Сириямен шекарадағы Африн аймағындағы күрдтерге қарсы әуе және құрлық шабуылын басталған. Өткен жұма күні түрік әскерилері Идлибке жақын жерде бесінші әскери бекеттің құрылысы басталды деп мәлімдеген болатын. Түркия Сирия президенті Башар Асад пен исламшылар арасындағы қақтығысты азайту мақсатында, Идлибте 12 бақылау бекетін салу жөнінде Мәскеу және Тегеранмен келіскен.

Түркияның Ван елді-мекенінің Улуу Памир ауылында екі мыңға жуық этникалық қырғыз тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 292
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 318
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 412