Сенбі, 23 Қараша 2024
3650 1 пікір 13 Ақпан, 2018 сағат 09:28

Сирияда Ресей азаматтарының қаза тапқаны расталып жатыр

Станислав Матвеев пен Игорь Косотуровтың туыстары мен достарды Сирияда сарбаздардың қаза тапқаны тураы РБК агенттігіне растаған. Осыған дейін Conflict Intelligence Team Дейр-эз-Зордағы әуе соққыдан қаза тапқандардың ішінде олардың да аты-жөндерін атаған.

Станислав Матвеевтің тағдыры туралы оның туысқан бауыры Игорь Пацко айтып берген. Оның сөзінше, отбасына Станиславтың неден қаза болғанын анық айтпаған. Енді олар оның денесін елге әкеледі ме, жоқ па деп күтіп отыр. "Оның қайтыс болған күні әуе соққы жасалған күнмен сәйкес келеді", – деді Пацко. Игорь Косотуровтың досы Любава Кочева да, Сириядан 7 ақпанда оның қаза болғаны жөнінде хабар келгенін растады.

"Балтийский отдельный казачий округ" қауымдастығы да Владимир Логиновтың көз жұмғанын мәлімдеді. "Владимир 2018 жылдың 7 ақпанында Сирияның Дейр-эз-Зор елді мекенінде қаза тапты", – делінген қауымдастық таратқан хабарламада.

Осыған дейін "Другая Россия" қозғалысының тең төрағасы Александр Аверин "Медиазона" басылымына әуе соққыдан қаза тапқандардың арасында белсенді Кирилл Ананьевтің бар екенін айтқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435