Сирияның Дейр-Эз-Зор елді-мекенінде кескілескен соғыс жүріп жатыр
Сирияда Башар Асад үкіметінің әскері мен АҚШ жетекшілік ететін антитеррорлық коалиция арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Соғыс Евфрат өзені бойындағы Дейр-Эз-Зор елді-мекенінде жүріп жатыр.
Дәл осы ауданда 7 ақпанда АҚШ әуе соққысынан жүздеген сириялық әскер қаза тапты. Олардың ішінде Ресейдің "Вагнера" жеке әскери компаниясының сарбаздары да болған.
Сейсенбі күні белгілі болғандай, 10 ақпанда Евфрат өзені бойында Т-72 танкісіне соққы берілген. Ол ресейлік "Вагнера" сарбаздарына тиесілі болуы мүмкін. Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы бұл ақпаратты тексеру мүмкін емес, себебі мұндай танкілер Сирия армиясында да бар дейді.
7 ақпанда АҚШ әуе соққысынан Дейр-Эз-Зор елді-мекенінде 100-ден 500 әскери адам қаза тапты. Олардың дені Асад үкіметі жағында соғысып жүргендер. Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, "Вагнера" ресейлік жеке әскери компаниясының ондаған сарбазы көз жұмған. Бірақ 13 ақпанда ресейлік сарбаздың төртеуінің туыстары мен жақындары қаза тапқан сарбаздардың аты-жөнін атады.
Ресейдің қорғаныс министрлігі болса, АҚШ әуе соққысынан ресейлік сарбаздардың қаза тапқаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Abai.kz