Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2216 0 пікір 13 Қаңтар, 2011 сағат 08:03

Шәріпхан Қайсар. 2011 жылдың басты оқиғалары қандай болмақ?

Күнтізбе парағынан 2011 жылдың алғашқы он күндігі де аунап үлгерді. Әдетте, Жаңа жылды қарсы алу мерекесінен діңкелеп жығылатын қазақстандықтар қаңтардың алғашқы күндерін қарбаласпен бастап жіберді. Қаңтардағы қарбалас  референдумды өткізуге бел буған бастамашы топтың әрекетімен басталып, Азиада алуымен жалғасты. Иә, бұл екеуі де 2011-дің айтулы оқиғаларының бірі болып тарихымызда таңбаланып қалмақшы. Ең бастысы биыл біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтеміз!

Былтыр, 1 қыркүйекте Парламент депутаттарының жалпы отырсында Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқы 2011 жылы мемлекет Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтетініне екпін түсіре келіп былай деген болатын:

- «Два десятилетия спрессовали великое множество конкретных дел и свершений, которые раньше не могли уместить целые века.Предстоящий юбилей дорог всем, кому дорога судьба нашего Отечества.

Празднование 20-летия Независимости - это не только официальные мероприятия. Встретить его достойно - это патриотический долг каждого казахстанца!»

Елбасының сөзін ресми тілден аударып ұқтырсақ: екі он жылдық ғасырға теңдессіз оқиғалармен, нақты істердің дүрмегімен өтіпті. Қарсаңдағы мерейтой Отанымыздың тағдырын кім бәрінен жоғары қойса, сол адам үшін аса қымбат екен. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлау - ресми шара ғана емес, аталған  ұлық мерекені лайықты дәрежеде қарсы алу - әрбір азаматтың отаншылдық парызы.

20 жылдықты Қазақстан қалай қарсы алуы керек? Елбасы ол турасында:

- «Каждый населенный пункт должен стать чище, красивее, благоустроеннее, удобнее для жизни, работы и отдыха. Именно в этом ключе мы должны провести весь следующий 2011 год, под лозунгом - «20 лет Независимости», - деген еді.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» деген ұранмен өтетін ағымдағы жылы елді мекендердің бәрі өмір сүріп, еңбек ету үшін қолайлы, ыңғайлы, әдемі әрі таза болуы қажет».  Сөздің қысқасы Елбасы осылай деп отыр. Ал аталып өтуге тиісті 20 жылдықтың алғашқы күндері басталып та кетті.

Кедендік одақ

Кедендік одақтың кереметтеріне де осы жылы қаныға түсуіміз мүмкін. Кедендік одаққа біріккен елдердің арасында (Қазақстан, Ресей, Беларуссия) шетелдіктер емін еркін кіріп шығатын визалық орталық - Шенген аймағын ашу жоспарда бар. Тарифтер көтеріледі. Жанармайдың бағысы әне міне дегенше Ресей үкіметі белгілеген мөлшерге жетіп жығылды.

Жалақы мен зейнетақы өседі

Қаңтардың 1-і күнгі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан деректерге сүйенсек, ең төменгі зейнетақы мөлшері 24 мың 47 теңге, орташа зейнетақы 35 мың 950 теңге, ең жоғары зейнетақы көлемі 52 мың 226 теңге болыпты. Қазақстанда қазір 1,6 млн зейнеткер бар.

Алдағы маусым айынан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақысы 30 пайызға көтеріледі деп күтілеуде.

Қазақстан Ислам конференциясына төрағалық етеді

Маусым айында   «Ислам конференциясы» Ұйымына (ИКҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлері Астанада бас қосып саммит өткізеді. ИКҰ - Азия мен Африка халықтарын отарсыздандырып ислам елдерінің ішкі бірлігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. ИКҰ-ға  57 ел мүше. ИКҰ-ға мүше елдердің жансаны 1 млрд 200 млн .

Мұнайдың бағасы өсе береді

Болжам осылай дейді. Қара алтынның баррелі 100 доллардан асуы ықтимал. Өйткені әлемде мұнайдың қоры азая бастады деген қортынды шығуда, ал сұраныстың шегі көрінбейді.

P.S. Бұның бәрі 2011 жылы болуы ықтимал, қайсібірі басталып та кеткен оқиғалардың  бір парасы ғана. Алдағы күндердің  «сыйы» алдағы күндердің еншісінде. Ендігі кезекте қазақ руханиятына қатысты елеулі жайттардың қатарын түзіп ұсынатын боламыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415