Bloomberg: "Вагнер" жауынгерлері Қорғаныс министрлігінің госпитальдарында емделіп жатыр
Сирияда америкалықтардың әуе соққысы кезінде жараланған ресейліктер Қорғаныс министрлігінің Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі госпитальдарында емделіп жатыр.
Бұл туралы Bloomberg агенттігіне зардап шеккендердің екі танысы құпия түрде хабарлаған. Мәліметтерге қарағанда, қаза болғандар саны өскенн, өйткені бірнеше науқас аса ауыр жарақатпен түскен.
7 ақпанда АҚШ-тың Дейр-эз-Зор провинциясындағы әуе соққысынан Сирия президенті Башар Асад жағында соғысқан 100-ден 500-ге дейін қарулы жауынгер қаза болды. Түрлі мәліметтерге қарағанда, "Вагнер жекеменшік әскери компанясының" құрамындағы жүздеген ресейлік опат болған. Қорғаныс министрлігі Ресей азаматтарының қазасын жасырып отыр. Министрлік әуе соққысы жасалған ауданда ресейлік жауынгерлер болған жоқ дейді.
Сирияда халықаралық коалициясының соққысынан ресейлік жалдамалылар зардап шеккендігін америкалық CBS телеарнасы Пентагондағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Жалдамалы топ Хишам елді мекенінде болған, олар мұнай кенішін басып алуға талпынған делінеді. Америкалық қолбасшылық қаза болғандар арасында ресейліктер бар-жоғын білмейді. Пентагонның мәлімдеуінше, соққы жасардан бұрын америкалық қолбасшылық ресейлік әскер қызметкерлеріне хабарласқан, олар шабуылдаушылар арасында ресейліктер жоқ деген.
14 ақпанда кешкісін "Вагнер жекеменшік әскери компаниясындағы" жеті ресейліктің әуе соққысынан қаза тапқаны мәлім болды.
Abai.kz