Ермек Қарабала. Онлайн-аудармашылардың сапасы қандай?
Бүгінгі күні интернет кеңістігінде орыс тілінен қазақ тіліне кез-келген мәтіндерді тәржімалайтын «онлайн-аудармашы» деген ресурстардың саны артып келеді. Ғаламтордағы жарнамалары жер жарады. Осыған орай, ең танымал деген бірнешеуіне кіріп, аудармаларының сапасын тексеруді жөн көрдік.
Экспериментіміздің таза өтуі үшін депутат Ирақ Елекеевтің Астана қаласында ұлттық пантеон құру қажеттігі туралы орысша жазылған депутаттық сауалының мәтінінен кішігірім үзінді алдық. Мысалы, депутат сауалында мынадай сөздер бар екен: «В течение многих столетий шла борьба за свободу и независимость Казахстана. К сожалению, в этой борьбе были тысячи и миллионы жертв. В юбилейный год мы обязаны поминать их, сделать для них то, что в наших возможностях». Соны аударып көрдік. Нәтижесі төмендегідей: