Сенбі, 23 Қараша 2024
3410 0 пікір 16 Ақпан, 2018 сағат 08:39

Қырғызстан: аштық жариялаған саяси тұтқындарды оқшаулады

Сотталған саясаткерлер Кубанычбек Кадыров пен Эрнест Карыбековті №47 колониядан Бішкектегі 1-ші абақтыға көшірді. Жазаның өтелуін орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ресми өкілі Александр Никсдорфтың хабарлауынша, оларды басқа жаққа көшіру алдында оқшаулаған.

Қамаудағы тағы бір саясаткер Бектур Асанов №47 түзеу колониясында қалған. Адвокат Марс Кыдыкбаевтың пікірінше, сотталғандарды олардың туыстарының наразылығынан соң оқшаулап жатыр. Саясаткерлердің туыстары мен жақындары аштық акциясын жариялағандармен колонияда кездестіруін талап еткен.

Бектур Асанов 30 қаңтарда аштық жариялағанын хабарласа, ертесіне оған Эрнест Карыбеков, ал 1 ақпанда Кубанычбек Кадыров қосылды. Саясаткерлер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Абдиль Сегизбаевты жұмыстан шығарып, әділ сот өткізуді талап етті.

7 ақпанда қалалық сот бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды. Өткен жылы 17 сәуірде Первомай аудандық соты Эрнест Карыбековты 20 жылға, Кубанычбек Кадыров пен Бектур Асановты 12 жылға соттады. Ал Дастан Сарыгулов төрт жыл шартты жаза алды.

Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыровты "билікті күшпен басып алуға дайындалды" деп айыптады. Эрнест Карыбеков "аса ауыр қылмысты жасырды" және "мемлекетті сатты" деген айыптармен сотталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437