Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2718 0 пікір 13 Қаңтар, 2011 сағат 12:27

Қазақстандық ғарышкер ғарышқа ұшу үшін ресей азаматтығын алмақшы

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Ғарышкер-сынаушы Мұхтар Аймаханов ресей ғарышкерлерінің қатарына енуі үшін Ресей Федерациясының азаматтығын алмақшы ниетінің барлығын растады.

«Ол рас, мен қазір азаматтығымды ауыстырып жатырмын. Иә, 2003-ші жылдан бері ғарышқа дайындықты бастағалы Ресейде, Жұлдыз қалашығында тұрамын», - деді М. Аймаханов ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы.

Ол өзінің жоспарының Қазақстан басшылығына да белгілі екенін жеткізді. «Мен өз шешімімді айтқанмын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа хат жазып, оны сол кезде Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметін атқарған Әділбек Жақсыбековтан беріп жібергенмін», - деді ол.

Бұл ретте сұхбатшымыз оның ниеті қандай да балалық арманды іске асыру емес екенін атап өтті. «Иә, мен бала кезден ғарышкерлікті армандағам, бірақ қазір ол негізгісі емес. Менің шешімім сезімнен, немесе кімге де бірнәрсені дәлелдегім келгендіктен туындап тұрған жоқ. Бұл жерде - ағымдағы жағдайға жасалған қарапайым талдау. Осы жағдайдан келіп мен шешім қабылдадым. Бұл шешім (азаматтықты ауыстырып, ресей ғарышкерлер отрядына ену - ҚазТАГ) ең тиімді жол», - деді М. Аймаханов.

Еске салсақ, Қазақстан ғарышқа ұшу үшін екі үміткер - Айдын Аимбетов пен Мұхтар Аймахановты іріктеп алған болатын. Одан кейін олардың екеуі де Ю. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында дайындықтан өтіп, ғарышкер-сынаушы» біліктілік мамандығын алды.

2009-шы жылы халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) олардың біреуінің халықаралық экипаж құрамында ұшырылуы жоспарланған болатын. Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты ол іске аспай қалды. Себебі сол дағдарысқа байланысты қазақстандық тарап ХҒС-қа ұшыру бағдарламасына деп бөлінген қаражатын секвестрлеуге тура келді.

Сонымен қатар азаматтықты алмастыру туралы айта келіп, М. Аймаханов: «Мен қазақ болып қаламын ғой! Мен қазақстандық ғалымдар әзірлеген ғарыштық бағдарламаларды, ғылыми тәжірибелерді орындаудан бас тартып отырған жоқпын ғой», - деді.

«Айталық, мен ұшып қайттым, ол біздің қазақстандық ғалымдардың ғарыштық тәжірибесіне нәтижелер беріп, олар, бәлкім, өздерінің ғылыми ізденістерінде одан да ілгері жылжуы мүмкін ғой. Ол оң нәрсе, біздің республикамыз үшін пайдалы!», - деді ол.

М. Аймахановтың айтуынша, ол жақында Қазақстан және Ресей президенттері қазақстандық ғарышкерді ХҒС-қа ұшыру бағдарламасына қосу туралы уағдаласқанын естімепті.

«Мен одан бейхабармын. Мен Қазғарышпен байланысып тұрған жоқпын ғой. Мен өзімнің ойыма алғанды іске асыруға талпынып жатырмын», - деді ол.

Ресейде жүріп М. Аймаханов РФ президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын өте үздік бітірді. Қазір диссертациясын дайындауда. «Уақытты босқа жоғалтпай, осы бағытта да талыпынып жатырмын», - деді ол.

Кеңестік дәуірде ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ ғарышкері, Тохтар Әубәкіров өз әріптесін қолдады. «Мен, адам өз арманың үшін бәрін істеуге болады деп ойлаймын. Қазақстан мен Ресей мәңгі достық туралы келісімге қол қойған, қазір біз Кедендік одақтамыз, келешекте Біртұтас экономикалық кеңестікке енеміз», - деді Т. Әубәкіров телефон арқылы ҚазТАГ-қа.

Бұрындары ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев ұшырылуға қатысты жағдай мүлдем өзгерді деп айтқан болатын.

«Өкінішке қарай, бүгіндері Ресей Федерациясы, біздің негізгі әріптесіміз, ғарыш экипажының құрамына кімді, қандай мемлекеттің азаматын енгізу керектігі туралы шешім қабылдайтын жалғыз мемлекет емес», - деді Т. Мұсабаев 6-шы қаңтарда «Ғарыш адамзат игілігі үшін - келешекке көз тастау» атты халықаралық конференцияның кулуарында.

Ол қазіргі уақытта ХҒС жобасына оннан астам мемелкет қатысып, оған қаражат бөліп отырғанын жеткізді.

«Олардың барлығы (...) келісім бойынша, ең алдымен, өз ғарышкерлері мен астронавтарын экипаж құрамына кіргізуге тырысады.  Олар 10 және одан да көп жылдар бойы дайындықтан өтіп, әлі ұшпағандар. Біздің мемлекетіміз әзірге ХҒС жобасының мүшесі емес, сондықтан бізге ол мәселені шешу өте күрделі», - деп қорытындылады ҰҒА-дан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439