Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2278 0 пікір 13 Қаңтар, 2011 сағат 12:29

«Атамекен» одағының» басшысы президентті нарықтық реформалардың әкесі деп атады; экономикалық палата референдумды қолдау жөніндегі коалицияға қосылды

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы (ҚҰЭП) «Атамекен» одағы» президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдумды қолдау жөніндегі коалицияға қосылды, деп хабарлады «Атамекеннің» басқарма төрағасы Азат Перуашев.

«...Кеше «Нұр Отан» партиясы Қазақстан президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға байланысты референдумды қолдау жөніндегі коалицияның құрылғанын жеткізді. Бұл бастама көтерілген сәттен бастап (референдум өткізу жөніндегі - ҚазТАГ) барлық салалық қауымдастықтарда, кәсіпорындарда стихиялы талқылаулар жүріп жатты. Сондықтан да, біздің әріптестерімізден түсіп жатқан көптеген ұсыныстарға байланысты бүгін ҚҰЭП «Атамекен» осы коалицияға қосылатынын мәлімдейді», -деді А.Перуашев бейсенбі күні болған баспасөз-мәслихатында.

Оның айтуынша, экономикалық палатаға күн сайын түрлі аймақтардағы кәсіпкерлерден «Нұр Отанның» бастамасын қолдау жөнінде өтініштер түсіп жатады.

«...Коалиция құрылған соң Алматыдан, Алматы облысынан, Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Қостанай облыстарынан өтініштер (референдумды қолдау жөнінде - ҚазТАГ) түсіп жатыр. Бұл талқылаулардың барлығы төменнен, кәсіпкерлердің өздерінің бастамасымен жүзеге асты. Өйткені, біз үшін мемлекет басшысы тек нарықтық реформалардың әкесі емес, тек қазіргі Қазақстанды құрушы емес, сонымен бірге ол елдегі кәсіпкерлер табын қалыптастырушы», -деп мәлімдеді экономикалық палатаның төрағасы.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі президенттің өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту жөніндегі жалпыұлттық референдумның өтуін қолдайтын демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясын құру жайында «Нұр Отан» партиясы сәрсенбі күні хабарлаған. Билік партиясы барлық саяси партиялар мен барлық қоғамдық қозғалыстарды жалпыұлттық референдум өткізуді қолдау үшін бірігуге шақырды.

Референдумды өткізуді қолдап барлығы 5 млн 16 мыңдай қол жиналған. Бұл республикалық референдумға қатысуға құқы бар ел азаматтарының жалпы санының 55,2%. Сонымен бірге 194 мыңнан аса азаматтардың жарамсыз қолдары анықталды.

ҚҰЭП «Атамекен» одағына» бизнестің 122 бірлестігі енеді. Олардың 42-сі экономиканың түрлі салаларының мүдделерін білдіреді. Атап айтқанда, мұнда мұнай-газ кешенінен бастап, банк, металлургия, энергетика, тамақ, мата тоқу, машина жасау салалары бар. Бағалаулар бойынша, ҚҰЭП «Атамекен» одағына» енетін кәсіпорындарда 2,5 миллионнан астам адам еңбек етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443