Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қауіп еткеннен айтамын 39431 103 пікір 20 Ақпан, 2018 сағат 10:22

Жарқын жеті деген кім? Ағартушы ма, әлде арандатушы ма?

Қытайдағы саяси жағдайларға байланысты сол жақтағы қазақтардың жағдайы күннен күнге қиындап барады. Осындай қиын жағдайға, жанған отқа май құюшылар да пайда болды. Біреулер сауатты түрде заңмен жұмыс жасап, жағдайды жеңілдетуді ойласа, енді біреулер айғай-сүренге салып, ахуалды одан арман қиындатуға әрекет жасауда. Міне, соның бірі, бірі емес-ау көшбасшысы интернет бетінде «Жарқын 7» деген атпен танымал болған Серікжан Біләш деген азамат.

Шынында бұл «Жарқын 7» деген кім? Ол қайдан шыққан «қайраткер»? Мақсаты не? - деген сұрақ бәріңізді де ойландыруы мүмкін.  Сондықтан мен осы сұрақтардың жауабын іздегенді жөн көрдім.

Аңқау елге арамза молда

Жарқын жеті 2009 жылдан бері қытайдағы қазақ сайттарында «Мың бір сапар» атты жазбаларымен танымал болған біреу. Қазақстанның ақпаратынан бейхабар жұртқа ол жазбалардың барлығы Жарқын жетінің өз жазбалалары болып көрінген. Бірақ, ол жазбалар «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Айқын», «Алтын Орда» сияқты қазақ газеттеріндегі жарық көрген мақалалар еді. Жарқын жеті сонымен бірге қытайдағы қазақ сайттарында қытайға қарсы ақпараттар жазып, қытай қазақтарының рухани әлеміне қызмет жасап, қазақ елінен, қазақ сайттарынан ақпараттар жеткізіп отырған «Сен қазақ», «Күлтегін» сияқты сайттарда арандату сипатындағы мақалаларды көптеп шығару арқылы аталған сайттардың жабылуына себепші болғанын біреу білсе, біреу білмес. Бұл күнде сол сайттардың маңайындағы жігіттердің де елге, жұртқа айтары көп көрінеді. Жарқын жетінің осы жазбаларын көптеп оқыған, басқа кітаптар мен ақпараттар оқымаған бір бөлім жастар Жарқын жетіге имандай ұйыды. Олардың өздері «көзімізді Жарқын 7» ашты деп жиі айтады. Ал Жарқын жеті көзін ашқандар дәуіріміздің шолақ белсенділер әскерін құрады.

Жарқын 7 Қытайдағы қазақ сайттары жабылғаннан кейін Вичат пен Ватцап желісінде түрлі топтарда қытайға байланысты үндеулер мен лекциялар оқуға көшті. Қытайдың саяси жағдайы мен ол жақтағы қазақтар жайында сөз қозғап, барлық елді қытайға қарсы тұруға үгіттеді. Қытайдағы қазақтар мәселесін өзі сияқты айғайлап, «ашынып» айтпағандарды ұлт сатқыны ретінде көрсетті. Фейсбукке Анар Атабай деген атпен тіркеліп, қытайдағы қазақтар жөнінде толық емес, расталмаған ақпараттарды таратумен болды. Ол жерде де өзіне қарсы пікір білдірушілерді көк есекке теріс мінгізіп жіберді.

Жарқын жеті қытайдағы қазақтар саяси қысымға ұшырымай тұрғанда «Қазақстанға көш» атты вичатта топ құрып, қытай билігін жамандап, ондағы қазақтарды Қазақстанға көшуге ашық шақырған еді. Міне, осы сияқты әрекеттері мен түрлі үндеулері арқылы сондағы талай қазақтың қазіргі айтылып жүрген «саяси үйренуге» кіруіне себепкер болған екен. Кейбір дереккөздерге сүйенер болсақ, қазіргі қытайдағы ұсталған қазақтардың басым бөлігі осы адамның түрлі үндеулерін тыңдағандар болып табылады екен.

Міне, осы істеріне қарай отырып, Жарқын жеті қытай билігіне, және ондағы қазақтарды саяси қысымға алуына орай тудырып берді деуге келеді.

Дубайда жатып жылап-еңіреген Жарқын жетіге кім сенеді?

Жарқын жетінің жақтастары мен сарбаздары оны мақтаймын деп тағы да біраз шикіліктерін шығаруда. Жарқын жеті ақпарат құралдарында қытайға қарсы ақпаратты оқша боратып жүргенімен оның өзінің неше жыл бойы қытайлармен жұмыс жасағанын, қазір қалтасының қалың екендігін айтады. Ватцапта Жарқын жетіні мақтаған бір азамат оның екі отар қойы, Алматы қаласында үш үйі бар екендігін айтқан болатын. Сонымен бірге Жарқын жеті осы жылдар ішінде жылына неше рет шетелдерге демалысқа барып тұратыны айтылады. Гонконг, Макао, Токио, Таиланд, Сингапур, Малаизия, Түркияның арасын қауындықтың жолы қылып алғаны айтылады. Дубайда жатып жылап-еңірегені интернетте сөз болып жүр. Шынында да Жарқын жетінің Алматыда өзі тұрып жатқан екі қабатты үйінен басқа қалада тағы үш үйі бар екені анықталды. Үш үйін де шешесінің атына жаздырған және үшеуін бір күнде алған. Алматы қаласы Алатау Ауданы, Ақкент шағын ауданы 25- үйдің 28, 29, 36 – пәтерлерін шешесі Нұрболат Мариғазының атымен 2011 жылдың 18 қарашасында алыпты. Бірақ "Жарқын жеті" дейтін лақап атты қолданған Серікжан Біләш кәсіпкер ретінде ешқайда тіркелмеген. Қазақ еліне бір тиын салық төлемеген. Сонда бұл байлықтарға ол қалай ие болып жүр? Тағы бір айта кететінім, Серікжан Біләштің бірінші әйелінің ұлты қытай екені де анықталды. Осыған қарап, қытай үкіметі күйеу баласын қаржыландырып, Қазақстандағы «Қытайға қарсы күшті» өздері қолдан жасап отыр ма деген ой мазалайды бізді.

Бұдан тыс Жарқын жетінің қытайлармен жұмыс жасағанының да дәлелі табылды. Интернеттен Серикжан Бияш деп тергенде келесі мақала шықты (http://yk.kzwww.yk.kz/news/show/137...). Мақалада Жарқын жетінің қытайдың «Zhogjian Hong Kong International Engineering limited» компаниясының атынан Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаевпен кездесу барысы жазылған.

Жалпы Қытай елінде қандайда бір саясатты жүзеге асыру үшін алдын ала қоғамдық пікір немесе сол саясатты жолға қоюдың себебін дайындайды. Соны ескере отырып, Қытай билігі Жарқын жеті деген лақап атты Серікжан Біләш деген азаматты Қытайдағы қазақтарды сондағы ұйғырлармен тең дәрежеде қысымға ұшыратып, Шинжаңды жабық район жасау мен Қазақ еліне доқ көрсету мақсатын жүзеге асыру үшін сөйлетіп жүр ме деген ой да жоқ емес. Өйткені, соңғы кезде Қытай сайттарында «Үлкен қазақшылдық қауіпі» деген мақалалар тарай бастады. Жарқын жетінің көктемнен бергі «еңбегінен» күзден бері қазақтар тығыз орналасқан Солтүстік Шынжаңда саяси қысым бұрынғыдан да күшейе бастады. Қазақстанға жиі келген, ықтиярхат алған қазақтардың паспорттары мекемесі жағынан немесе жеркілікті полиция жағынан жиылып алынды. Кейбіреулері саяси үйренуге жіберілді.

Өткен жылдың ақпан айынан бастап Жарқын жетімен хабарласқан, лекцияларын тыңдаған , тіпті әлеуметтік желіде ол бар топта болғандардың өзін қытай билігі ұстап алып, қамап жатқанда оның туыстары шекарадан ары бері өтіп жүрген. Дәлелімен айтсақ, жездесі мен әпкесі 2017 жылдың 20 ақпанында Қорғас бекеті арқылы Қытайға өтіп, әпкесі Батиха Билаш (07.10.1972 ж. туған, паспорт нөмірі: G 26476625) 2017 жылдың 17 маусымында бері өтсе, жездесі Амантай Агемолда (14.02.1969 ж. туған, паспорт нөмірі: G 43892368) да Қорғас бекеті арқылы 2017 жылдың 10 шілдесінде Қазақстанға қайта өткен. Сонда сауысқаннан сақ қытайдың арнайы қызметі Жарқын жетінің жақындарына келгенде жаңылысқан ба? Әлде айырықша мейірімділік танытқан ба? Қазір бұл азаматтар Қазақстан азаматтығын қысқа мерзімде алып үлгірген. Алматы төңірегінде алаңсыз өмір сүріп жатыр.

Жарқын жеті арқылы көзі ашылған жандайшаптар

Негізінде Серікжан Біләш (Жарқын 7) бірнеше тіл білетін, білімді азамат деседі. Оның айтып жүрген кейбір лекциялары да өте сауатты. Бірақ соңғы кездегі жанына жинаған азаматтары (азамат деуден көрі табынушалыр десе де болады) жалаң патроиттардан құралған, айғайшы, аттаншы, ешқандай саяси сауаты жоқ, тіпті кісімен дұрыстап сөйлесе алуды да білмейтін, кісінің пікірімен санаспайтын, өзіне қарсы бір ауыз сөз айтсаң "топас", "надан", "ит" деген сияқты сөздермен қаруланып қарсы атылатын Қыдырәлі Ораз, Ералаш Қабыл сияқты жастармен бірге еш жерде жұмыс істемей, қайда дау болса, сол жерден табылатын Аралбай, Қайрат Байтолла, Нұрхан Солтанбай, Шайахмет сияқты «ардагер» арызқойларды маңдайына жинаған. Осы «батырлар» әлеуметтік желіде көрінгеннің жағасынан алып, өз пікіріне келіспегендерді жау санап, кеңеспен тон пішуді ойламай, халықпен бірге үкіметтің де сенімінен айырлды. Бұлардың арасында Қыдырәлі Ораздың Солтүстікке көшті ұйымдастырғаны басында көпшіліктің ықласына бөленді. Алайда оның қытайдағы қазақтар арасында әлеуметтік желіде топ құрып, ол жақтағы қандастарды ашық шақырам деп басына қиындық тудырып бергені, Солтүстіктегі құзырлы органдармен сауатсыз жұмыс жасап, соңында көштің тамтығын ұшырып, қандастардың да, үкімет адамдарының да наразылығын тудырды. Бір қызығы Қыдырәлі Ораз әлеуметтік желіде өзі туралы басқа атпен мақала жазып, өзін қоғам қайраткері деп атады. Осы аталған азаматтар таратқан кейбір ақпараттардың беті ашылып, өтіріктері де шығып жатыр. Жақында ғана олар "Қытайда тұратын атақты ақын Гүлсінай Қытайдан қашып келді" деген ақпарат таратқан болатын, артынан осы ақпараттың өңі өзгеріп, "Қытайдан қашып келген" айтыскер ақын Гүлсінай емес екені анықталды. Тіпті осы ақпаратта Гүлсінайдың ҚХР полициясына пара беріп, шекарадан өтіп кеткені де жазылған. Одан бұрын «Ақ Жол» партиясының Төрағасы Қытайға барған сапарында өздері берген хатты Азат Перуашев Қытай басшысы Си Цзиньпинның өз қолына тапсырды деп дақпырт таратты. ҚХР ШУАР Іле қазақ облысында осыдан 4 жыл бұрын сотталған Кенжебай деген молданы, осы кезде сотталды деп, тіпті ол түрмеде көз жұмыпты деген ақпаратты да шығарды. Осы сияқты өтірік ақпараттарды тізе берсек, шыға береді. Сонда бұлардың мақсаты мәселені шешу ме? Әлде қытай-қазақ қатынасын шиленістіру ме?

Жарқын жеті бастаған осы топ ақиқаттан көрі көбінде алып қашпа сөзге көп жүгінеді. Сайттар мен телеарналарға, тіпті үкімет орындарына сол дәлелі жоқ ақпараттарды жеткізді. Қазіргі Қытай қысымымен сотталған азаматтардың тізімін жасағанда әлде қашан басқа себеппен сотталған адамдарды не болмаса аттас адамдар болса, оны қоғамға танымал адам ретінде көрсетеді. Осылай дәлелсіз шала тізім жасап, ҚР Сыртқы істер министрлігіне өткізді. СІМ сол тізімді Қытайдың қатысты орындарына берді. Алайда тізімдер дәлелсіз, кейбірі жалған болғандықтан бұл істе Қытай жақ ырықты орынға шығып, тіпті үкіметке нота беру тектес жауап хат жазды. Осыдан кейін біздің билік олардың ақпаратына сенбей, өздері тарапынан Қытайдағы қандастар мәселесін шешудің жолдарын қарастыруда.

Міне, осыған қарап, оның мақсаты үкімет жағынан араласып жағдайды шешу емес, керісінше Қазақ үкіметтің  қарсы тарапқа айдап салу сияқты болып көрінеді. Тек қоғамда айғай-аттан салып, қытайға қазақ елін жау ретінде көрсету ғана сияқты. Сондықтан да жанына өзінің түпкі мақсатын түсіне бермейтін адамдарды жинап, өз мақсатына пайдалануды ойлайды.

Осы жерде айта кететініміз, біздің идеологияға қатысты адамдарымыз бұлардың сырын біліп, олардың баспасөз мәсілихаттарын, келеңсіз айғай-шуын отандық телеарналарда бергізбей отыр. Тек ғана Ресей меншігіндегі «Евразия 1» мен Ресейге жатылай тәулелді КТК арнасы анда-санда бұларды сарнатып қояды. Қазақ көшіне ежелден қырын қабақ танытатын солтүстіктегі көршіміз бұларға неге бүйрегін бұра қалғаны ес ақылы дұрыс адамды ойға салады.

Өзі дара батыр болғысы келеді

Серікжан Біләш жоғарыда айтқандай  жанына шала сауатты азаматтарды жинап алып, Тәуелсіздіктен бері елге оралып, түрлі салада қызмет көрсетіп келе жатқан азаматтар мен ұйым, ақпарат құралдарына үздіксіз шабуылдар жасады. Төменде Жарқын жеті шабуылдаған адамдар:

- Еуразия телеарнасынан қытайдың қандастарымызға көрсетіп жатқан қысымдарының себептері туралы:"" "Қытай үкіметі кейбір қытай азаматтары Қазақстанға келіп, одан ары Түркиядан Сирияға өтіп, террористік ұйымдарға қосылып кеткендері бар болуы мүмкін" деп, қауіптенеді" деген мағынада сөйлеген филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Дүкен Мәсімханұлына сайттар мен әлеуметтік желіде ақпараттық шабуылдар жасап, ол кісіні қытайдың шпионы деп қаралап, жеке басына өте ауыр сөздер айтты;

- Дүкен Мәсімханұлынан кейін бірқатар ақын-жазушыларға тіл тигізіп, лекцияларында ауыр сөздер айтуды бастады. Соның бірі "газетінде ештеңе жазбады" деп ақын, «Қала мен дала» газетінің бас редакторы Тоқтарәлі Таңжарықты "тегін ұмытқан тексіз" деп қаралады;

- Жарқын жеті бастаған топты әлеуметтік желіде айғай-аттанға салып, жағдайды одан ары ушықтырмай сабырмен сауатты жұмыс жасауға шықырған ақын Мұратқан Шоқан, дәрігер Серік Мұратхан, ұстаз Аятжан Ахметжан қатарлы азаматтарды аяусыз қаралап, «Қазіргі заманның Батыраштары» деп суреттерін әлеуметтік желіде таратты;

- Қытайдағы қандастар мәселесін екі ел арасында дипломатикалық жолмен шешу керек деген ұстаныммен заңды түрде жұмыс жасап жүрген «Жебеу» респубикалық қоғамдық бірлестігіне, «Отандас ел» қоғамдық бірлестігіне қаралау мақаласын жазып, «қытайдың шпионы» деп әлеуметтік желіде түрлі ақпараттар таратты;

- 5 жылдан бері көші-қон мен ұлттық тақырыптарда ауқымды мақалалар жазып, игі стердің басында болып, қоғамды қамшылап жүрген "Қамшы" ақпарат порталын «Жамшы» деп сықақ қылды.

Қарсы келгенді қорқытып үркітеді

Жоғарыда Жарқын жетінің шабуылына ұшыраған азаматтарды жаздым. Сонда жазылған Серік Мұратхан деген азамат «Жарқын 7 қашқан сарт пен қашқан қытайдың сайты таратқан ақпаратқа сүйенбей, сауатты жұмыс жасасын» деген көзқарасын жиі жариялап жүрген еді. Тіпті кейінгі кезде өзіне қоқан-лоқы жасап телефон соғатынын да жазып жүрді. Кейін Жарқын жетінің кейіп-кеспірін ашатын, өзін қорқытқаны туралы дәлелі бар екенін де айтты. Көп ұзамай сол айтқан Жарқын жетінің Серік Мұратханды балағаттап, қорқытып үркіткен аудиосы әлеуметтік желіде таралды. Енді сол аудиодан шағын үзінді келтірейік:

- Ало!

- Серік Мұратқан?

- Иә, Иә.

- Бұл Жарқын 7 ағаң ғой.

- Иә, қалайсыз?

- Серік Мұратхан бауырым, мынау ұлттың басына үлкен күн туғанда біз үлкен істермен айналысып жатырмыз. Ортақ мүддеде, ұлт мүддесінде ортақтасқанымыз абзал. Қазір бір-бірімізді балақтан тартып, жағадан алар кез емес. Ұқтың ба?

- Мен де жағадан алайын деген жоқын осы кезге дейін.

- Біз қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Сыртқы істер министрлігімен күнде кездесіп, үлкен адамдармен үлкен жұмыс жасап жатырмыз. Мемлекетіміздің өзі қазір бұл мәселеге жіті қарап отыр, себебі бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты шаруа болып тұр.

- Менің де сұрақтарым бар, айғайламай, аптықпай дұрыстап әңгімелесейік.

- Дұрыс, бұл сенің формаң. Мені тыңдашы, сен мүмкін жауға плимотшик болуың мүмкін, біреу барлаушы болуы мүмкін, біреу найзасымен шығады, дұрыс па? Біреу химиялық қарумен соғысады. Елдің бәрі найза көтеріп алса, біреуге қылыш керек қой. Әркімнің күрес формас әртүрлі. Бірақ біз бір шептеміз. Мен сенің шығыс Түркістан туралы жазған мақалаңды құрметтеймін, көзқарасыңды құрметтеймін, кезінде пікір алауыздығы болды, дұрыс па? Бірақ, сенің олар туралы, қытайлардың ұйғырларға құрған қақпандары туралы мақалаларың докторлық диссертация тиіптес көзқарас. Мен құрметтеймін. Бірақ, дәл бүгінгі күнде ұлттың басына үлкен сын туып тұр. Ол жердегі екі миллион қазағыңа емес, осы жердегі қазағыңа сын туып тұр.

Ары қарай аңгімелері ортақ келісімге келу мақсатына ашық әңгіме өрбу үшін кездесіп сөйлесу жайында, интернеттегі сөздері туралы айтылып, Жарқын жеті өзінің ұлттық қауыпсіздік комитетімен бірге жұмыс жасап отырғанын айта келіп, төмендегідей айғайға басып боқтап әкетті:

- Мен саған екі-ақ вариянт айтам, иттің баласы, Серік Мұратқан, тыңда! Бірінші, денсаулығыңды ойла. Балаларыңды ойла, әкеңді ойла. Жігітше айтам мен саған, мен саған қалай болса да шамам жетеді. Иттің баласы, тыңда! Мен сені семияңмен құртам, мен сені түрмеге жаптырам. Мен сені жоқ қылам, к...іңді қыс, әкеңнің ауызын шешеңнің сі...н!. Мен сені қортық қылып жіберем! Шешеңді қайыршы қылып жіберем!  К..іңді қыс, әкеңнің ауызын с...н!

- Үй ауыру. Псих, ауыру.

Шатадан туғандар

Жарқын жеті 2017 жылдың күзінде қытайдағы қазақтардың жағадайын айта келіп, өзі сияқты қытайдағы жағдайды ашына айтпаған зиялы қауымды «шатадан туғандар, тексіздер» деп үндеу таратты.

Сөз соңында Қазақстан Республикасының қарапайым азаматы ретінде Серікжан Біләш (Жарқын 7) мырзадан көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап іздейміз.

  • Сіздің және шешеңіздің атындағы ешқандай фирма, ИП тіркелмепті. Бір күнде 3 пәтер сатып алатын ақша Сізге қайдан келді?
  • Шетелде жиі демаласыз, соңғы кезде табынушыларыңыз да шетелге жиі баратын болды. Елге сауын салып жиғаныңыз 78 мың теңге. Сонда қандай батпанқұйырық сіздерді жебеп жүр?
  • Қытайда қалған алғашқы махаббатыңыз, сүйіп қосылған жан жарыңызбен қазір қарым-қатынасыңыз қалай?
  • Өзіңіз жар салғандай, қытайда бүкіл қазақ қамалып, саяси үйренуге тоғытылып жатқанда, көптеген отбасылар бір-бірін көре алмай зар болып жатқанда, сіздің әпеке-жездеңіз ол жаққа қалай барып-келіп жүр? Ұшып барып-келді дейін десек, азаматтық алмай тұрғандағы қытай паспортында Қорғас бекетінің таңбасы бадырайып тұр.
  • Көп тіл білетін, көп кітап оқыған азамат ретінде күн көзіне шығып қазақтың тарихы мен тағдырын неге ашық талқыламасқа? Өзіңіз сияқты Мұратқан Шоқан, Серік Мұратхан, Аятжан Ахметжан сияқты замандастарды қараламай, неге ашық диалогқа шықпайсыз?

*Серік Мұратханмен болған телефондағы әңгімеңізде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генаралдарымен, Астанадағы сарапшылармен ақылдасып, солардың тапсырмасын орындайтындығыңызды айтыпсыз. Мынауыңыз сұмдық қой! Ертең қытайлар біздің дипломаттардың бетіне басып, екі елдің ара-қатынасы шиленіссе, соның салдарын ойладыңыз ба? Не үшін мәлімдеме жариялап, өтірік шынын анықтамайсыз?

Сізден жауап күтеміз.

Әділет Әділмұрат

Abai.kz

103 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036