Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
4744 2 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 08:34

Түркіменстанның шығысы бір айдан бері президенттің келуіне дайындалып жатыр

Түркіменстанның шығыс аймағында президент Бердімұхамедов келеді деп бір айдан бері дайындалып жатыр. Осыған дейін Азаттықтың түркімен қызметі Лебап облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлаған.

Жергілікті сауда орындары мен мерген қару-жарағын алып жүргендер тексеріліп жатыр екен. Орталық көшелерді ретке келтіріп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президенттік кортеж өтетін жолдар бойындағы үйлердің түсі аққа, шатырлары жасыл түске боялып жатыр.

Ақпаратқа қарағанда, президент Түркіменабад шаһарындағы жаңа әуежайдың ашылу шарасына қатысады.

Жергілікті билік өкілдері президентті күтіп алуға қатысатындарға ақ түсті киім киюді тапсырған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1426
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2997
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1072
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1002