Еуроодақ Қазақстанды уақтылы және әділ президенттік сайлаулар өткізіп тұруға шақырады
Алматы. 14 қаңтар. ҚазТАГ - Еуроодақ ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарта салу демократиялық тәсіл емес деп есептеп, Қазақстанды уақтылы және әділ президенттік сайлау өткізіп тұруға шақырды.
«Еуроодақ, президенттің өкілеттіктерін 2020-шы жылға дейін ұзарту жөніндегі кез келген шешім Қазақстанның демократияны қолдаймыз деп айтқаны мен мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік деген ұғымға қайшы деп есептейді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы жақындағы табысты төрағалығынан соң және оның Үштіктегі орнына байланысты, Еуроодақ Қазақстанды өзінің Констициясына және ЕҚЫҰ аясындағы міндеттеріне сай уақтылы, еркін және әділ президенттік сайлауларды өткізуге ұмтыла беруге шақырады және осыған байланысты Қазақстан парламентінің ерекше жауапкершілігін атап көрсетеді», - делінген Ұйымның жұма күні таратқан хабарында.
Сонымен қатар Еуроодақ, «ЕҚЫҰ-ға барша қатысушы мемлекеттермен жақында ғана Астаналық ерекше декларацияда қуатталған демократиялық институттар саласындағы» өзіне алған міндеттерін Қазақстанның есіне салады.

«Қатысушы барша мемлекеттер еркін әрі уақтылы және шынайы өткізіліп тұратып сайлаулар арқылы білдірілетін халықтың қалауы барша үкіметтің өкілеттігі мен оның легитимділігінің негізі болып табылатынына келісті. Біз, Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы уақтылы және еркін сайлаулардың өткізіліп тұруын қарастырады және осы маңызды ережелер мызғымайды деп үміттенетінімізді атап көрсетеміз», - делінген Еуроодақ мәлімдемесінде.