Медициналық арнайы поезд Қазақстанның солтүстік өңірімен 2012-ші жылы жүреді
Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Үшінші арнайы мамандандырылған емдеу-диагностикалық поезды жіберу 2012-ші жылға жоспарланған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі (ТЖМ) Владимир Божко мәлім етті.
«Үкімет басшылығы үшінші поезды келесі жылы (2012 ж. - ҚазТАГ) іске қосу туралы міндет қойды. Келесі жылы жаздың ортасында біз осы поезбен жүруіміз керек», - деді ТЖМ басшысы ведомствоның жұма күнгі алқа отырысында.
«Апат медицинасының темір жол госпиталдары» АҚ басқарамасының төрағасы Серік Данбаевтың айтуынша, «егер үшінші поезд болса, олар тұрақты түрде батысқа, оңтүстікке, солтүстікке жүріп тұрады».
«Қазіргі уақытта екі поезд (мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Жәрдем» және «Денсаулық» поездары - ҚазТАГ) батыс және оңтүстік аймақтарға барады. Ал үшіншісін біз солтүстік аймақта қалдырар едік», - деді С. Данбаев алқа отырысының кулуарында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта үшінші поезды жіберу «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдағышымен үйлестірілуде.
«Жалпы айтқанда поезда 9 вагон бар, оларды жабдықтауға, медицналық аспаптармен қамтамасыз етуге шамамен миллиард теңге жұмсалды», - деді басқарма төрағасы.

Одан басқа, С. Данбаев «білікті мамандарды тарта отырып, поездардың тақырыптық маршруттарын - кардиомаршрут, онкомаршрутын ұйымдастыруды» ұсынды.
Бұрын хабарланғандай, «Денсаулық» арнайы поезы 2010-шы жылы жазда Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының темір жолдарымен жүре бастады. Консультативтік-диагностикалық медицианлық «Жәрдем» поезы Астанадан 2010-шы жылы желтоқсанда аттанды.
«Доңғалақтағы емхананы» жасап, іске қосуды ТЖМ, денсаулық сақтау министрлігі мен «ҚТЖ ҰК» АҚ бірлесіп жүргізді.
Төтенше жағдайларда медициналық арнайы поездар жылжымалы көп салалық госпитальға айналдырыла алады.