Бейсенбі, 28 Қараша 2024
3583 0 пікір 27 Ақпан, 2018 сағат 10:10

Түркия Чехиядан Сирия күрдтерінің басшысын беруді талап етті

Co-President of Syrian Kurdish Democratic Union Party (PYD) Salih Muslim Mohamad poses before a press conference on March 31, 2016 in Paris. / AFP PHOTO / Eric Feferberg

Түркия билігі Чехия билігіне Сириядағы күрдтердің танымал жетекшісі Салих Муслимді экстрадициялауды сұрап, ресми хат жолдағанын мәлімдеді.

Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздагтың мәлімдеуінше, күрдтердің "Демократиялық одақ" (PYD) партиясының бұрынғы тең төрағасы Салих Муслим 26 ақпанда Прагада сотқа тартылады.

Салих Муслим 24 ақпанда Прагада Түркия билігі берген ордер бойынша ұсталған. PYD партиясы Анкараны Түркия азаматы емес адамды беруді заңсыз сұрап отыр деп айыптады.

Түркияда Муслимге бірнеше айып, оның ішінде елдің тұтастығы мен бірлігіне қол сұқты деген айып тағылған.

Анкара "террорлық топ" деп білетін PYD Сирияның солтүстігінде әрекет етіп жатқан күрдтердің басты саяси күші болып отыр. Салих Муслим партия тең төрағасы қызметінен былтыр кеткенімен, күрдтер арасындағы әлі де ықпалды тұлға саналады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1562
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3367
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6405