Конституциялық кеңес конституцияға енгізілетін түзетулердің ҚР Конституциясына сәйкестігін тексеруге қатысты ҚР президентінің өтінішін өндіріске қабылдады (толықтырумен)
Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Конституциялық кеңес (КК) дүйсенбі күнгі отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конституцияға енгізілетін түзетулердің Конституцияға сай келетіндігін тексеруге қатысты өтінішін өндіріске алды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.
Заң бойынша Конституциялық кеңес аталған өтінішті не кері қайтарып, немесе өндіріске қабылдай алады. КК мүшелері бірнеше минутқа кеңесуге кетіп, одан соң келесідей қаулыны жариялады.

«ҚР президентінің үндеуі түр-сипаты мен мазмұны жағынан 1995-ші жылғы 29-шы желтоқсандағы «Конституциялық кеңес туралы» Конституциялық заңмен бекітілген талаптарға сай келеді, ал үндеу мәні Конституциялық кеңес құзыретіне енеді. Жоғарыда аталған себептер негізінде... Конституциялық кеңес қаулы етеді: парламент 14-ші қаңтарда қабылдап және мемлекет басшысына қол қоюға жіберген «ҚР конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР заңының ҚР Конституциясына сай келетіндігін қарау жөніндегі мәселе туралы ҚР президентінің өтінішін өндіріске қабылдансын», - деді КК төрағасы қызметін атқарушы Николай Белокуров дүйсенбі күні КК отырысында.
«ҚР Констиуиясына сай қонституциялық өндірісті ашу, мемлекет басшысына парламент қабылдаған заңға қол қою мерзімін бір айға тоқтатады. Еліміздің негізгі заңына сәйкес, Конституциялық кеңес президент үндеуін қарап, бір ай ішінде осы істің мәні бойынша шешім шығаруы тиіс», - делінген КК отырысының қорытындысына арнап кеңес таратқан ақпараттық баянда.