Қырғызстан екі жыл бойы Қазақстанға елші тағайындамаған
Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Динара Кемелованың хабарлауынша, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі жақын уақытта тағайындалады.
Бұл туралы ол 28 ақпанда Жогорку Кенеште мәлімдеді. Депутаттар екі жыл бойы Қазақстанда қырғыз елшісі неге жоқ екенін білгісі келген.
Министрдің орынбасарының сөзіне қарағанда, елші қызметінен үміткерге президенттің келісімін алу жұмысы жүріп жатыр.
Қырғызстанның Қазақстандағы бұған дейінгі елшісі Эсенгул Омуралиев 2016 жылы сәуірде қызметінен босаған. Екі жылға жуық уақыт бойы дипломатиялық өкілдік басшысыз жұмыс істеп келген.
Abai.kz