Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
1138 0 пікір 2 Наурыз, 2018 сағат 08:42

Тәжік-өзбек шекарасында бірнеше тексеру-өткізу бекеті қайта ашылды

Наурыздың алғашқы күні тәжік-өзбек шекарасында жабық тұрған бірнеше тексеру-өткізу бекеті қайтадан жұмыс істей бастады.

Тәжікстанның солтүстігінде Өзбекстанның Бекадаб облысымен шекарада орналасқан "Хаштьяк-Бекабад" тексеру-өткізу бекетінің ашылу салтанатына екі елдің ресми өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлады Озоди радиосының тілшісі.

Ташкент облысы әкімінің орынбасары Әлимардон Каршиевтің мәлімдеуінше, бүгінгі оқиға тәжік-өзбек қарым-қатынасының дамуына үлес қосады. Тәжікстан тарапынан Соғды облысы төрағасының бірінші орынбасары Рустам Рахматзода сөз сөйледі.

"Хаштьяк" бекеті Худжандқа 60 шақырым жерде орналасқан. Бұл бекеттен Ташкентке дейін автокөлікпен екі сағатта жетуге болады.

1 наурызда тәжік-өзбек шекарасындағы "Саразм-Жартепа", "Уратеппа-Кушкент", "Зафарабад-Хавостабад", "Хавотаг-Учтурган" және "Навбунёд-Поп" бекеттері де ашылды.

Өзбекстан мен Тәжікстан қазір екі ел арасындағы сауда шектеулерін алып тастау мәселесін талқылап жатыр. Бұған қоса халықаралық маңызы бар жолдар жөнделіп, виза жүйесі жойылуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір