Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2098 0 пікір 17 Қаңтар, 2011 сағат 11:39

Өзбек экономисі Қазақстанды өзбектердің елді реформалау туралы бағдарламасын ұрлап алды деп айыптады

Ташкент. 17 қаңтар. ҚазТАГ - Өзбекстандық экономика ғылымының кандидаты Сағидулла Убайдуллаев Қазақстан үкіметін Өзбекстанды реформалаудың мемлекеттік бағдарламасын ұрлап алды деп айыптады. Мұндай пікірін ол өткен сенбі күні елдің үкіметтік «Правда Востока» газетінде жарияланған мақаласында келтірді.

Автордың пікірінше, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИД) «осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған Өзбекстан өнеркәсібі салаларын техникалық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыруды жетілдіру бағдарламасынан алынған».

Сонымен бірге, экономистің пікірінше, Қазақстан шағын және орта бизнесті қолдау мен ынталандыру саясатына байланысты Өзбекстан жүргізіп отырған жолмен кеткен.

Автордың пікірінше, сонымен бірге, Қазақстанда 2004 жылы анықталған «денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық бағыттары», «Өзбекстан сонау 1998 жылы қабылдаған басым бағыттар мен міндеттерді түгелдей көшіріп алған десе болады».

«Мұндағы айыптайтындай ешнәрсе жоқ, Өзбекстан оларды алуға қарсы емес, жақсы тәжірибе – көпке ортақ қой. Бірақ, осы тәжірибені алып отырған елді атай кеткен жөн болар еді», -деп есептейді мақала авторы.

Оның пікірінше, көршілес елдердегі реформалау стратегиялары «өздерінің еңбегі ретінде көрсетіледі» және олардың авторлары Өзбекстанға сілтеме жасауды «ұмытып» кетеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512