Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 7941 13 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 08:57

Барлық адам жұмаққа барады

Осы молдекеңдер тозақ-тамұқпен бекер қорқытады, бүкіл адам жұмаққа барады, - деп ойлаймын. Тек әрқайсысы өз жұмағына барады:

Есіл дерті - жылы-жұмсақ жеу болған ашкөз, мешкейлер тамақ-жұмаққа барады. Жұмақ болғасын, бұған түскенге жегісі келгенінің бәрі алдына өзі келе береді. Әуелі жүріп, сосын отырып, артынан жатып жеген тамақ-жұмақ тұрғынын миына дейін май басып, саусағын қимылдата алмайтын хал кешкенде, оны осы жұмақтың толыққанды тағы бір тұрғындары - бақа-шаян, құрт-құмырсқа асықпай жей бастайды...

Зорлық-зомбылыққа үйірлер таяқ-жұмағына барады. Бара сала, әлі жеткенінің әкесін танытып сабап, рахатқа әбден батады. Тек әлжуаздау бір тентектің ит тепкісін шығарып жатқанда, күші басым келесі бір дүлей жетіп келіп, осы тепкілегіштің желкесінен алады ...

Бүкіл ой-өрісі тізе мен кіндік арасынан алыстамайтындар дүңкіл-жұмаққа түсіп, күні-түні дүңкілдетумен айналысады. Әбден әлі құрып, дүңкілдету түгілі күңкілдеуге шамасы жоқ күйге жеткенде, оны дүңкіл-жұмақтың өзге тұрғындары дүңкілдетуге кіріседі...

Сондықтан, саспаңдар, жолдастар мен мырзалар. Тамұқ/тозақ деген - жоқ нәрсе. Бәрімізді өз жұмағымыз күтіп тұр! ...

Нұрлан Сәдір

Facebook-тегі парақшасынан

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021