Ол жүз мыңның бəрін қайда көмеміз?
Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберген қытайлар Қазақ Жеріне де енгені белгілі. Абылайдың шұғыл бұйрығымен алдынан сес қылып, Елдің, Жердің иесі бар екенін көрсетуге Қабанбай аттанады.
Тарбағатай тауының Ақсуат жағында ма екен, əлде, Өкпеті тұсында ма екен Қабанбайдың алдыға жіберген шолғыншы жасағы тізгін ұшымен "Қабекелеп", арттағы әскерге жетіпті. Қолдың алдындағы Қабекең "Иə, не болды? Əншейінде Қабанбаймын. Жау келгенде Қабекелеп қаласыңдар. Тыныштық па?" деп жөн сұрайды ғой. Сөйтсе, шолғыншы жасақтың басшысы "Батыреке, біздің қол он мың сарбаз. Қытайлар жүз мың əскер. Не істейміз?" деп жыларман болыпты.
Жаудан беті қайтып көрмеген Дарабоз астындағы Қубас атының басын тартып тұрып, "Сол не істейтінімізді мен де ойланып тұрмын. Ол жүз мыңның бəрін қайда көмеміз?" депті.
P.S
Əруағыңнан айналайын Дүр-Бабам қызыл қанын ағызып, қара терін төгіп, күндіз отырмай, түнде ұйықтамай қорғаған қасиетті жерді сонымен не істейтін болды? Біреу жалға береді дейді. Біреу бермейді дейді. Енді біреуі беріліп қойған дейді. Ақ-қарасын кім біледі?
Оңғар Қабденов
Facebook-тегі парақшасынан