Ақтөбелік «Диапазон» газетінің қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды
Ақтөбе. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбе қаласы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын екі студент жігіт қалалық «Диапазон» газетінің қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД-ен дүйсенбі күні.
«Завод полиция бөлімінің қызметкерлері фототілшіге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын 2 студент жігітті ұстады. 20 және 21 жасар студенттер Маңғыстау облысының тумалары», -делінген полиция департаменті баспасөз-қызметінің хабарламасында.
Тергеу материалдарына сілтеме жасаған ІІД қызметкерлері жәбірленушіден тартып алынған ұялы телефонды шабуыл жасаушылар өздерінің таныстарына сатқан дейді.
«Күдіктілердің біреуі тұтқындалды, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды», -деді департаменттегілер.

«Қазіргі уақытта газет журналисіне қатысты қарақшылық шабуылды ашу үшін жедел-іздестіру шаралары жүруде», -деп атап өтті баспасөз-қызметінде.
ІІД-лер «Диапазон» газетінің 2 журналисі мен фототілшісін 23 желтоқсан күні түнгі сағат 1-лер шамасында тонаған деп еске салды.
«Тергеу барысында анықталғанындай, жұмыс күні аяқталған соң жоғарыда аталған адамдар (газет қызметкерлері –ҚазТАГ) кафеге барып, өздерінің айтуларынша спиртті ішімдіктер ішіп, онда шамамен түнгі сағат 12-лерге дейін болған. Көшеге шыққан соң олар көрші тұрған кафеге барған, бірақ ол жабық болған. Бұдан соң олардың екеуі ашық тұрған азық-түлік дүкенін іздеген. Ол жерде бейтаныс жас жігіттерді кездестіріп қалып, олармен араларында ерегіс туып кеткен. Ақырында бейтаныс жігіттер оларды соққыға жығып, ұялы телефоны мен бас киімін тартып алған», -делінген ақпаратта.
Жәбірленуші үшінші адам – журналиске қатысты департаменттегілердің айтуынша, ол пәтер жалдап тұрып жатқан «Шанхай» тарапына жаяу кеткен.
«Рысқөұлов және Вавилов көшелерінің қиылысында белгісіз біреу анықталмаған белгісіз затпен оны ұрып, есінен тандырып, ұялы телефоны мен редакцияның фотоаппаратын алып кеткен», -деді ІІД-лер тергеу материалдарына сілтеме жасай отырып.
Полициядағылар қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік болмады дейді.
«Журналист шабуыл жасалғаны жайында бір сағаттан соң арызданды. Қаланың өзге ауданында шабуылға тап болған оның әріптесі арада бір тәулік өткен соң ғана полицияға шағымданды. Үшінші жәбірленуші арыз жазудан бас тартты. Бұдан бөлек, олардың ешқайсысы да шабуыл жасаушылардың бет-бейнесін сипаттап бере алмады», -деп түсіндірді полицейлер