Сейсенбі, 14 Қазан 2025
4424 0 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:29

Бішкекте төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері еңбек ақыны көтеруді талап етті

Төтенше жағдай министрлігінің Бішкек қалалық басқармасының 50-ден астам қызметкері еңбек ақыны көтеруді талап етті.

ҚР ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының өкілі қызметкерлердің зиянды жұмыс үшін төленетін үстемақының алынып тасталғанына наразы екенін айтады.

Бұл ақпаратты ТЖМ баспасөз хатшысы Эльмира Шерипова растады. Оның сөздерінше, қызметкерлер митингке шықпаған. Бірақ бәрі басшылыққа барып, талап еткен. Оларды министр Кубатбек Боронов қабылдап, мәселені талқылаған. Басшылықтың айтуынша, үстемақы еңбек заңына қайшы келеді екен. Бірақ талаптарын қарауға уәде берген.

ТЖМ мәліметі бойынша, министрлік қызметкерлері әртүрлі үстемақыларды қосқанда, 8 мың сом көлемінде айлық алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 869
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10045