Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3810 0 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:33

ИМ "соғыс министрінің" Тәжікстандағы лауазымды туысы қызметінен кеткен

Тәжікстан әділет министрлігі ІІМ ОМОН-ның экс-командирі, "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының "соғыс министрі" Гулмурод Халимовтің бауыры, подполковник Саидмурод Халимовтің оставкаға кеткенін растады.

Дереккөздің хабарлауынша, подполковник Саидмурод Халимов әділет министрлігі жазаны орындау басқармасынан былтыр Гулмурод Халимовтің үш туысын ұзақ мерзімге соттағаннан кейін кеткен.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, Саидмурод Халимов бірінші рет оставкаға кету туралы арызды 2015 жылы жазған. Сол кезде Гулмурод Халимов Сирияға кетіп, ИМ қатарына қосылғанын жариялаған. Бірақ Саидмурод Халимовтің өтініші қабылданбаған. Әділет министрлігі басшылығы Саидмурод Халимовқа сенетінін жеткізген. ​

Дереккөздің айтуынша, Саидмурод Халимов заң тұрғысынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да мемлекеттік қызметте істей алмайтынын айтқан. «Түрмеде туыстары отырғанда, ол бұл жүйеде қалай істейді?»,- дейді дереккөз.

Былтыр қазан айында Хатлон облыстық соты Гулмурод Халимовтің туыстары Комил Халимов, Назир Халимов және Али Халимовті 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру туралы үкім шығарды. Тәжік арнайы қызметінің ақпараты бойынша, олар шекарадан заңсыз өтіп, ИМ тобына қосылмақ болған.

Ал қашқын полковниктің қазіргі тағдыры белгісіз. 2017 жылдың қыркүйек айында Ресей қорғаныс министрлігі Гулмурод Халимовтің әуе соққыдан қаза тапқанын мәлімдеген. Бірақ АҚШ бұл ақпаратты растай алмайтынын айтқан. 2016 жылы Гулмурод Халимов ИМ-нің "әділет министрі" болып тағайындалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006