Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1984 0 пікір 18 Қаңтар, 2011 сағат 06:48

Ұлттық банк Азиадаға арналған 2000 теңгелік жаңа банкнот шығарды

Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР ұлттық банкі айналымға 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған Т2000 номиналдағы жаңа ақша шығарды. Ұлттық банк сайтында осындай ақпарат жарияланды.

Банкнот айналымға дүйсенбі күні, 17-ші қаңтарда шығарылды. Банкноттың жалпы тиражы 20 млн дана.

Ақшаның көгілдір-жасыл түсі басым және оның негізінен артқы жағы өзгерген.

«Арт жағында: басым бейнелер – көлденең. Негізгі бейне: тау сілемдерінің фонында шаңғышы және 7-ші Азия ойындарының символикасы.  Төменгі сол жағында банкнот номиналын айқындайтын цифр, төменгі жағындағы ортасында – орыс тіліндегі номинал жазуы. Жоғарғы жағындағы ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы мен банк-эмитенттің логотипі таңбаланған.  ...Банкноттың бүкіл аумағында қазақтың ұлттық оюларының нақышы қолданылған», - делінген Ұлттық банк хабарында.

Банкноттың бетіне де бірнеше элементтер қосылған.

«Ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнот ортасында қара-көкшіл және көкшіл жолақтарда ақ түспен ҚР мемлекеттік әнұранының ноталарының фрагменті белгіленген де, оған ақшыл түспен номиналдың цифрлық таңбасының сұлбасы түсірілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында алтын түспен ҚР мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарыдағы оң жағында – ҚР мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан мен түрі өзгеріп тұратын қардың суреті бейнеленген. Төменгі сол жағында номинал мемлекеттік тілде жазылған», - делінген Ұлттық банк хабарында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520